11.12.2007, 17:06 4060

Жаңажол газ өндеу зауытының бірінші кезегі іске қосылды

Жаңажол газ өндеу зауытының бірінші кезегі іске қосылды

Ақтөбе. 11 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Үшінші Жаңажол газ өңдеу зауытының бірінші кезегі пайдаланылуға қосылып, Ақтөбе облысының алдыңғы қатарлы макро жобалардың бірі жүзеге асырылды. Бұл туралы бүгін жобаның тұсау кесірінде ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

К. Мәсімовтың сөздері бойынша, "жоғары технологиялық өнідірістің ашылуы- бұл Қазақстанның 2015 жылға дейін индустриалды-инновациялық даму стратегиясында белгіленген міндеттердің бірінің орындалғандығы". Сондықтан, мемлекет басшысының ұсынысымен құрылған "Қазақстанның 30 корпоративтік жетекшісі" атты жалпы халықтық бағдарламасына Ақтөбе облысының қатысуы стратегияны орындау барысындағы жаңа кезеңі болды.

"отыздың қатарында, сіздердің алты басты жобаларыңыз бар. Бұл не деген сөз, яғни, елде бастамасын алған $5 млрд-тың $3 млрд сіздердің облыстарыңызға келеді", - деп атап өтті К. Мәсімов.

"СНПС-АқтөбеМұнайГаз" компаниясының үшінші Жаңажол газ өңдеу зауытының құрылысын салуы, еліміздегі мұнайгаз саласындағы алдыңғы жобалардың бірі болып отыр. Жобаның құны $800 млн, ал қосалқы нысандарын қосқанда- $1 млрд құрайды.

Нысандар үш кезеңмен іске қосылады. Қорытындысында зауыт жылына 6 млрд текше метр өңделген газбен қамтамасыз етеді. Зауыттың бірінші кезеңі-2007 жылдың желтоқсанында, екіншісі-2008 жылдың 4 тоқсанында, толық іске қосылуы 2010 жылы болады деп жоспарланған.

Көзделгеніндей, жұмыспен қосымша 1 мың адам қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, зауыт облыстық өндіріс орындарын және тұрғындарды арзан көгілдір отынмен қанағаттандырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны