16.01.2017, 10:48 4944

Жансейіт Түймебаев: "Оӊтүстік құс етін өндіруде елімізде көш бастауы тиіс"

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев Ордабасы ауданына арнайы іссапармен барып, өӊірдегі бірқатар шаруа қожалықтарыныӊ жұмысымен танысты,- деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Астана. 16 қаӊтар. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев Ордабасы ауданына арнайы іссапармен барып, өӊірдегі бірқатар шаруа қожалықтарыныӊ жұмысымен танысты,- деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Өӊір басшысы алдымен "Ордабасықұс" ЖШС-ніӊ кешенді күркетауық фабрикасын аралап көрді. Аталған фабрика жылына 8110 тонна тірі салмақта күркетауық етін өндіруге қауқарлы. Инвестициялық құны 3 млрд. 249 млн.теӊгені құрайтын жобаныӊ бірінші кезеӊі индустрияландыру картасы аясында 2010 жылы іске қосылып, жылына 4828 тонна тірі салмақта үндік етін өндіруге қол жеткізді. Сол жылы 280 адамды тұрақты жұмыспен қамтыды.

Инвестициялық құны 2 млрд. 330 млн.теӊгені құрайтын жобаныӊ екінші кезеӊі 2014 жылы жүзеге асты. 140 жұмысшымен толыққан фабрика өнімі екі есеге ұлғайды.

Ал, былтыр басталған жобаныӊ үшінші кезеӊі келер жылы іске қосылады деп күтілуде. Егер жоба толық жүзеге асса, мұнда жылына 20000 тонна тірі салмақта күркетауық етін өндіруге мүмкіндік тумақ. Қазір мұнда "ҚазАгроқаржы" АҚ арқылы қаржыландырылған жобаныӊ инвестициялық құны 10 млрд. 150 млн.теӊге, 100 жаӊа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

"Бизнестіӊ жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша күркетауық фабрикасына 53 млн.теӊгеге газ құбыры тартылды. "Үдемелі индустриялық-инновациялық даму" мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған кәсіпорында бүгінде 415 адам тұрақты жұмыс істейді. Елімізге "Дәмді ет" маркасымен танылған күркетауық өндірісініӊ жұмысын облыс әкімі оӊ бағалады.

- "Ордабасы құс" компаниясын орталық ретінде қалыптастырып, күркетауық етін өндіру тәжірибесін өзге аймақтарға да тарату керек. Осылайша облысымыз бұл кәсіптіӊ түрінен елімізде алдыӊғы қатарға шығуы тиіс, - деді өӊір басшысы.

Келесі кезекте облыс басшысы Бөржар ауылдық округініӊ Ұялыжар елді мекеніндегі "Ордабасы жем" ЖШС-ніӊ мал азығын дайындау цехыныӊ да жұмысымен танысты. 2015 жылы іске қосылған өндіріс орныныӊ жобалық құны 209 млн. 512 мыӊ теӊгені құрайды. "КазАгроҚаржы" АҚ арқылы 116 млн 846 мыӊ. Тенгеге ауылшаруашылық техникалары сатылып алынған. 16 адам тұрақты жұмыспен қамтылған серіктестікте жылына 3 мыӊ тонна жем дайындалады. Биыл аталған қожалық 170 гектардан бидай, 119 гектардан жүгері, 225 гектардан мақсары жинапты.

Облыс әкімі аялдаған келесі нысан - "Александровский сад" ЖШС 17 гектар жерге бау-бақша егумен айналысады. 2015 жылы егілген алма бағы былтырдыӊ өзінде өз өнімдерін нарыққа шығарып үлгерген. Алманыӊ бес сорты өсірілетін алқап көлемін биыл 30 гектарға ұлғайту жоспарланған. Израильдік тамшылап суару технологиясымен өнім өндіретін шаруашылықта 30 адам жұмыспен қамтылған.

Өӊір басшысы мұнан соӊ"Үдемелі индустриялық-инновациялық даму" мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған "Агро-V" ЖШС-ніӊ автоматтандырылған жүйедегі жаӊа технологиялы қыш зауытына барды. 2014 жылы жұмысын бастаған кәсіпорын инфрақұрылымына 526,9 млн теӊге бағытталып, асфальт жолы, 5 шақырымдық электр бағаналары орнатылыпты. Сондай-ақ мұнда тереӊдігі 100 метрлік 2 ұӊғыма, 1 су мұнарасы бар.

Сапар барысында облыс әкімі "Аделя" шаруа қожалығыныӊ 16 гектарға орналасқан жылыжай кешеніне ат басын бұрды. Мұнда 100 адам тұрақты жұмыс істейді. Орташа жалақылары - 80 мыӊ теӊге. Екі кезеӊмен іске асырылған жобаға қожалық басшылығы 5 млрд. 248 млн. теӊге жұмсапты. "Үдемелі индустриялық-инновациялық даму" мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылған жылыжайда жыл он екі ай қияр өсіріледі. Кешен "Бизнестіӊ жол картасы-2020" бағдарламасы аясында газбен қамтылған.

Икім іссапарын аудан активімен өткен мәжілісте қорытындылады. Өзекті мәселелер талқыланған жиында аудан басшысы мен оныӊ орынбасарлары есеп берді.

Соӊғы бес жылда ауданда өнеркәсіп өнімініӊ көлемі 3 есеге, ауылшаруашылығы өнімініӊ көлемі 1,5 есеге артқан. Мемлекет тарапынан әлеуметтік салаға, оныӊ ішінде білім, денсаулық салаларына үлкен қолдау көрсетілуде.

"Бүгінгі жиналыстыӊ алдында бірқатар нысандарды аралап, атқарылып отырған жұмыстармен таныстық. Көптеген проблемалардыӊ бар екендігіне көз жеткіздік", - деген облыс әкімі оны шешу жолында аудан басшылығына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Қаржы ұйымдарымен жұмыс жүргізіп, инвесторлар тарту, индустриялды аймақтардағы жобаларды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдау, ауыл шаруашылығы өнімдерін тереӊ өӊдейтін шағын цехтар ашу, ауданда игерілмей жатқан жерлерді заӊға сәйкес мемлекеттік меншікке қайтару міндеттелді. Аудандағы елді мекендерді сапалы ауыз сумен және табиғи газбен қамтудыӊ кешенді жоспарларынқабылдап, туризмді дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу кезек күттірмейтін мәселе екенін атап айтқан облыс әкімі жиын соӊында 2017 жылға Ордабасы ауданына республика, облыс тарапынан 16 млрд. теӊгеге жуық қаржы бөлінгенін жеткізді.

- Ауданныӊ әлеуметтік экономикалық жағдайын арттыру мақсатында бөлінген қаржыны тиімді пайдалану Ордабасы ауданыныӊ әрі қарай дамуына өз әсерін тигізеді деп сенемін, - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Аталған қаржыныӊ 1,7 млрд.теӊгесі ауданды газбен қамтамасыз ету үшін автоматты газ реттеуші станциясыныӊ құрылысын аяқтауға,105 млн.теӊгесі құдық суын пайдаланып жатқан Спатаев елдімекенін сумен қамтамасыз етуге, 2,3 млрд. теӊгесі 5 мектептіӊ құрылысына жұмсалады. 287 млн.теӊгеге 1 дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшерлік акушерлік бөлімше ғимараттары салынады. 283 млн.теӊге Темірлан ауылындағы 2 пәтерлі 14 тұрғын үйдін құрылысын аяқтауға бағытталған. Халықаралық Батыс Еуропа-Батыс Қытай жол бойында туристік сервисті құру үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеуге 7 млн.теӊге бөлінді. Сонымен қатар, 6 ауылды газбен қамтамасыз ету үшін жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге 20 млн. теӊге қарастырылып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны