13.08.2013, 11:14 4150

Жапония экономикасы өсімінің қарқыны төмендеп келеді

Биылдың екінші тоқсанында Жапонияның жалпы ішкі өнімі 0,6 пайызға өсті. Жылдық есептеу бойынша бұл өсім 2,6 пайызды құрап отыр, алайда сарапшылар аталған көрсеткіш 3,6 пайызға жетеді деп болжаған еді.

Алматы. 13-тамыз. Kazakhstan Today - Жапония экономикасы болжанған деңгейден баяу өсіп келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Биылдың екінші тоқсанында Жапонияның жалпы ішкі өнімі 0,6 пайызға өсті. Жылдық есептеу бойынша бұл өсім 2,6 пайызды құрап отыр, алайда сарапшылар аталған көрсеткіш 3,6 пайызға жетеді деп болжаған еді.

Бірінші тоқсанда жапондық экономика жылдық мәнде 4,1 пайызға өскен болатын.

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің кабинеті ел экономикасын тұралаудан шығару үшін елеулі күш-жігер жұмсап жатыр. Атап айтқанда, осы мемлекетте бұл стагнациялық ахуал 20 жылға жуық уақытқа жалғасып келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны