25.10.2016, 15:59 4013

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында бизнестіӊ және жұмыспен қамтудыӊ жол карталарына түзетулер жобасы әзірленуде

Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасын орындау үшін "Агробизнес 2020" бағдарламасы негізінде Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде. Бишімбаевтіӊ айтуынша, жаӊа мемлекеттік бағдарлама шеӊберінде қайта өӊделген ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ экспортын ұлғайту, сервистік-дайындау кооперативтерін құру және суармалы жерлерді айналымға қосу бойынша міндеттер шешілетін болады.

Астана. 25 қазан. KazakhstanToday - Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысы барысында Қазақстанныӊ 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына тоқталды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Ұлттық экономика министрі Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмалары ескеріле отырып, жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында бизнестіӊ және жұмыспен қамтудыӊ жол карталарына түзету жүргізіліп жатқанын айтып өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасын орындау үшін "Агробизнес 2020" бағдарламасы негізінде Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде.

Бишімбаевтіӊ айтуынша, жаӊа мемлекеттік бағдарлама шеӊберінде қайта өӊделген ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ экспортын ұлғайту, сервистік-дайындау кооперативтерін құру және суармалы жерлерді айналымға қосу бойынша міндеттер шешілетін болады.

"Алдын ала деректер бойынша 9 айда экономиканыӊ өсу қарқыны қаӊтар-тамыз айларындағы 0,3%-дан 0,4%-ға дейін жедел қарқынмен өсті" - деп хабарлады Бишімбаев.

Ол инфляциялық процестердіӊ бәсеӊдегенін, валюта нарығындағы ахуал тұрақтанып, бизнестіӊ инвестициялық белсенділігі мен елдіӊ халықаралық резервтері өсіп келе жатқанын, сондай-ақ жұмыссыздықтыӊ төмен деӊгейі сақталып отырғанын атап өтті.

"Экономиканыӊ өсуіне құрылыстағы (6,9%-ға), ауыл шаруашылығындағы (4,9%-ға), көлік саласындағы (4,0%-ға) және өӊдеу өнеркәсібіндегі (0,6%-ға) шығарылымныӊ ұлғаюы негізгі үлес қосып отыр" - деп хабарлады министр.

Сонымен бірге, тау-кен өндіру өнеркәсібінде 4,4%-ға төмендеу байқалады, бұл мұнай (4,4%-ға 56,9 млн. тоннаға дейін), көмір (6,4%-ға 70,2 млн. тоннаға дейін) және темір кенін (14,7%-ға 26,3 млн. тоннаға дейін) өндірудіӊ қысқаруымен байланысты.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде шығарылымдардыӊ қысқару қарқыныныӊ бәсеӊдеуі (8 айдыӊ қорытындысы бойынша 4,8%-дан 9 айда 4,4%-ға дейін) жалпы өнеркәсіптіӊ өсу серпінініӊ жақсаруына әсерін тигізді. Өнеркәсіптегі төмендеу қаӊтар-тамыз айларындағы 2,3%-дан ағымдағы жылдыӊ 9 айыныӊ қорытындысы бойынша 2,0%-ға дейін қысқарды.

"Индустриялық бағдарламаныӊ арқасында бүгінгі күні тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі төмендеу өӊдеу секторларындағы оӊ серпінмен орны толып отыр. 2016 жылғы қаӊтар-қыркүйекте өӊдеу өнеркәсібініӊ өсуі 0,6%-ды құрады" - деп атап өтті министр.

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірудіӊ 7,0%-ға ұлғаюы есебінен ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ өсуі 4,9%-ды құрады. Мал шаруашылығы өнімдерініӊ шығарылымы 2,5%-ға өсті.

"Ағымдағы жылы дәнді дақылдардыӊ рекордты өнімі жиналды. Ағымдағы жылғы 24 қазандағы жағдай бойынша гектарына 15,4 центнер өнімділікпен 23,6 млн. тонна астық бастырылды, бұл өткен жылғы деӊгейден гектарына 2,4 центнерге (немесе 18,1%) жоғары" - деп қосты Бишімбаев.

Құрылыс жұмыстарыныӊ көлемі тұрғын үй құрылысы мен "Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасыныӊ шеӊберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен 6,9%-ға ұлғайды. 2016 жылғы қаӊтар-қыркүйекте тұрғын үйлерді пайдалануға беру 13,6%-ға, 7,2 млн. шаршы метрге дейін ұлғайды.

Көп пәтерлі тұрғын үйлерді пайдалануға беру 26,0%-ға (3,4 млн. шаршы метрге дейін) және жеке тұрғын үйлерді пайдалануға беру 4,4%-ға (3,7 млн. шаршы метрге дейін) өсті. Мемлекет қаражаты есебінен ағымдағы жылғы 9 айда 13,1%-ға өсумен 617,2 мыӊ шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Министр инвестициялық белсенділіктіӊ артуы ағымдағы жылы экономикалық өсудіӊ оӊ қарқынын ұстап тұруға ықпал етіп, болашақта экономиканыӊ орнықты өсуініӊ негізін қалайды деп атап өтті.

"Ағымдағы жылғы 9 айда инвестициялардыӊ көлемі 4,1%-ға 5,1 трлн. теӊгеге дейін өсті. Өсу "Нұрлы Жол" және "ИИДМБ" бағдарламалары шеӊберінде индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға негізделген" - деп атап өтті Бишімбаев.

Өткен жылдыӊ осындай кезеӊінде инвестициялардыӊ өсуі 3,5%-ды құраған болатын.

Инвестициялардыӊ айтарлықтай өсуі ауыл шаруашылығында (50,9%-ға, 190,6 млрд. теӊгеге дейін), саудада (32,1%-ға, 109,5 млрд. теӊгеге дейін) және өӊдеу өнеркәсібінде (7,7%-ға, 543,1 млрд. теӊгеге дейін), сондай-ақ қаржы қызметінде (6,9%-ға, 44,7 млрд. теӊгеге дейін) байқалып отыр.

"Дамушы нарықтарға капитал ағыныныӊ жалпы төмендеуіне қарамастан, жартыжылдықтыӊ қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялардыӊ оӊ серпінін атап өткен жөн. Шетелдік инвестициялардыӊ таза ағыны есепті кезеӊде 5,7 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылғы нақтыланған деӊгейден 4,4 есеге жоғары (1,3 млрд. АҚШ доллары). Тікелей шетелдік инвестициялардыӊ қомақты үлесі жаӊа инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағытталды" - деді Бишімбаев.

Ол елдіӊ сыртқы сауда айналымы ағымдағы жылғы сегіз айда 28,0%-ға 38,4 мрлд. АҚШ долларына дейін қысқарғанын мәлімдеді. Экспорт 23,0 млрд. АҚШ долларын (28,6%-ға төмендеу) және импорт - 15,4 млрд. АҚШ долларын (27,0%-ға төмендеу) құрады.

"Валюта нарығындағы жағдайдыӊ тұрақтануы аясында Ұлттық Банктіӊ алтын-валюта резерві өсуде. Жыл басынан бері алтын-валюта резерві 12,7%-ға, яғни 21,4 млрд. АҚШ долларына дейін өсті, бұл 2012 жылғы шілдеден бері (32,3 млрд. АҚШ долл.) соӊғы 4 жылдағы еӊ жоғарғы мән болып табылады. Елдіӊ халықаралық резервтері 95,8 млрд. АҚШ долларын құрап, жыл басынан бері 4,8%-ға өсті, оныӊ ішінде Ұлттық қордыӊ шетел валютасындағы активтері - 1,4%-ға өсіп, 64,4 млрд. АҚШ долларын құрады" - деп хабарлады Бишімбаев.

Ол сонымен қатар инфляциялық процестердіӊ бәсеӊдеуі байқалып отырғанын атап өтті. Тамыздағыдай айлық инфляция қыркүйекте 0,2%-ға дейін бәсеӊдеді. 2016 жылдыӊ басынан бері инфляция 5,6%-ды құрады (2015 жылғы қаӊтар-қыркүйекте - 2,9%). Инфляцияға 2,1 пайыздық тармақ негізгі үлесті азық-түлік емес тауарлардыӊ 6,8%-ға қымбаттауы қосып отыр.

2016 жылғы қыркүйектегі жұмыссыздық деӊгейі 5,0% құрады.

"2016 жылдыӊ 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары әлеуметтік-экономикалық жағдайдыӊ жақсарғанын көрсетіп отыр" - деді министр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны