22.07.2014, 19:41 3862

Жарты жылда Қазақстан банктеріндегі депозит көлемі 14%-ға артты - Қ.Келімбетов

Жарты жылда Қазақстан банктеріндегі депозит көлемі 14%-ға артты, - деп мәлімдеді бүгін Үкімет отырысының қорытындысына арналған Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қ.Келімбетов.

Алматы. 22 шілде. Kazakhstan today. Жарты жылда Қазақстан банктеріндегі депозит көлемі 14%-ға артты, - деп мәлімдеді бүгін Үкімет отырысының қорытындысына арналған Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қ.Келімбетов.

"Мемлекеттің жүйе құрушы банктер капиталына енгенінің нәтижесінде банктік жүйенің тұрақтылығы сақталды. Атап айтар болсақ тұрақтылықтың басты көрсеткіші халықтың депозиттік жүйеге деген сенімі. Халықтың сенімі сақталып отыр", - дейді бас банкир.

Оның айтуынша, жарты жылда Қазақстан банктеріндегі депозит көлемі 14%-ға артты.

"СМС хабарламалар шабуылына қарамастан осындай деңгейге жетіп отырмыз. Ақпан айындағы аталмыш шабуылдардың кесірінен 200 млрд теңге көлеміндегі халық салымы қайтарылып алынды. Алайда бүгінгі таңда халық қайта банктерге сенім артып отыр", - дейді Ұлттық банк төрағасы.

Сонымен қатар банктік секторды нығайту мен табиғи біріктіру мақсатында Ұлттық банк 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұрынғы 10 млрд теңгеден 100 млрд теңгеге банктік өзіндік капиталы көлемінің талаптарын кезең-кезеңімен арттыруды қарастыруда.

Осы орайда аталмыш талаптарға жауап бермейтін банктер өзінің қызметтерін жалғастыра береді, дегенмен оларға жеке тұлғалардың депозитін қабылдауда максималды сома шектеледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны