10.10.2012, 20:16 3198

Жасалған меморандум аясында аймақтарға 217 мың тонна астық жөнелтілді - баспасөз баяны

Биыл "Азық-түлік келісімшарт корпорациясына" мемлекеттік астық қорын жаңартуға қажеттілік жоқ. Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен селекторлық отырыста ведомства басшысы Асылжан Мамытбеков осындай мәлімдеме жасады.

Жасалған меморандум аясында аймақтарға 217 мың тонна астық жөнелтілді.

Биыл "Азық-түлік келісімшарт корпорациясына" мемлекеттік астық қорын жаңартуға қажеттілік жоқ. Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен селекторлық отырыста ведомства басшысы Асылжан Мамытбеков осындай мәлімдеме жасады.

Нан мен ұнның бағасын тұрақтандыру мақсатында биыл 1-тамыздан бастап азық-түлік қауіпсіздігін сақтау бойынша жасалған меморандум аясында аймақтарға 217 мың тонна астық жөнелтілген. Осының арқасында ұнның бағасын Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында - 44 теңге, Алматы қаласында 61 теңге деңгейінде сақтауға мүмкіндік туған. Десек те, баға тұрақтылығы барлық аймақтарда бірдей орындалмай отыр.

"Былтыр астық мол болды. Қазақстан бойынша 26 млн 900 мың тонна астық жиналды. Сондықтан, "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" 5 млн тоннадан астам астық сатып алды. Биыл қамбамыз астыққа толды. Тек мемлекеттік қордың 30 пайызын жаңартуымыз қажет. Сатып алатын астық көлемі 150 мың тоннадан кем болмауы тиіс. Бұл қаулыны дайындаған кезде астықтың тоннасы 35-36 мың теңгеден болжап, 40 мың теңге деп бекіткен едік. Қаулы Үкімет қарауында талқыланып, қабылданды. Ал ол кезде нарықтағы астық бағасы шарықтап кетті. Биыл бұл бағаға астық сатып ала алмаймыз", - деді Азық-түлік келісімшарт корпорациясының басқарма төрағасы Бейбітхан Қабдрахманов.

Басқарма төрағасының сөзіне сенсек, бұл ретте корпорация Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік астық қорын қалыптастыру жөніндегі агенті бола отырып, қорды жыл сайын жаңарту мәселесі өзектілігін жоймайтын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны