26.02.2016, 15:18 5395

Жасырын мигранттар Қазақстаннан жыл сайын 5-7 млрд. доллар көлемінде қаржы шығарады

Заӊсыз мигранттар Қазақстаннан жыл сайын 5-7 млрд. доллар көлемінде қаржы алып кетеді. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті

Астана. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Заӊсыз мигранттар Қазақстаннан жыл сайын 5-7 млрд. доллар көлемінде қаржы алып кетеді. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Байқыланбайтын (жасырын) еӊбек мигранттарыныӊ қызметініӊ нәтижесінде Қазақстаннан жыл сайын 5-7 млрд. доллар көлемінде қолма-қол ақша және банктер мен өзге төлем жүйелері арқылы 1 млрд. доллардан астам қаржы шығарылады. Бұл тұрғыда әлеуметтік тәуекелдерді жабу үшін салықтар мен өзге де аударымдар төленбейді", - деді вице-министр "Көші-қонныӊ әлеуметтік-экономикалық әсерлері: мигранттардыӊ қорғансыздығы және Орталық Азиядағы интеграциялық қажеттіліктер" атты дөӊгелек үстелде, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Оныӊ сөзіне қарағанда, көші-қонныӊ тағы бір жағымсыз аспектісі адам саудасына байланысты болып отыр. Бұл үдеріс трансұлттық және трансшекаралық сипатқа те болуда және Алматы процесіне қатысушы елдері үшін тым өзекті тақырыпқа айналуда.

"Халықаралық аспектіде адам саудасындағы құрбандардыӊ басым бөлігін мигранттар құрайды. Халықаралық көші-қон ұйымыныӊ статистикасына сәйкес, барша әлемде мәжбүрлі еӊбек арқылы түсетін заӊсыз табыс 150 млрд. АҚШ долларынан астам қаржыны құрайды. 21 миллионға жуық адам мәжбүрлі еӊбектіӊ құрсауында, оныӊ ішінде 1 миллионнан астам бала әлемдегі адам саудасыныӊ құрбандарына айналуда. Шамамен қазіргі заманғы әлемде әрбір жетінші адам мигрант болып табылады", - дейді Б. Нұрымбетов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны