01.06.2016, 18:25 6373

ЖЭК дамуында көшбасшы мемлекеттердіӊ бірі ЭКСПО-2017 қатысу келісіміне қол қойды

Израиль мемлекеті "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу келесіміне қол қойды

Астана. 1 маусым. Kazakhstan Today - Израиль мемлекеті "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу келесіміне қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Құжатқа "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясыныӊ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов пен "ЭКСПО-2017" израильдік секциясыныӊ комиссары Элазар Коэн қол қойды.

Ұлттық компания басшысы жаӊартылатын энергия көздерін пайдалануда әлемдік деӊгейде алғашқы орындардыӊ бірін иеленетін Израильдіӊ көрмеге қатысуы ЭКСПО-2017 сәтті өтуініӊ маӊызды факторы екендігіне тоқталды.

"Бүгін Израиль мемлекеті көрме қатысушысы атанды. Бұл келесімге қол қою - Қазақстан мен Израиль мемлекеттерініӊ екі жақты тиімді әрі нәтижелі ынтымақтастығыныӊ жемісі", - деді өз сөзінде Ахметжан Есімов.

"Осыдан бірнеше жылдар бұрын біздер энергетикаға мұқтаж елдердіӊ қатарында болатынбыз. Алайда, мемлекеттік бағдарламаныӊ арқасында ұазіргі таӊда біздіӊ мемлекетіміз баламалы энергетиканы пайдалануда алдыӊғы қатардан табылып келеді. ЭКСПО-2017 көрмесі әлем алдында осы уақытқа дейін баламалы энергетиканы пайдалану саласында қол жеткізген жетістіктерімізді көрсету алаӊына айналатындығына сенімдіміз", - деді "ЭКСПО-2017" көрмесініӊ Израиль секциясыныӊ комиссары Элазар Коэн

Айта кету керек, бүгінге халықаралық көрмеге 89 мемлекет пен 15 халықаралық ұйым қатысатындығын ресми растады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны