10.02.2020, 19:00 9701

Жеке табыс салығы мен мүлкі бойынша декларацияны тапсыру бойынша түсіндірме семинарлар өткізілді

Жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей, аталған декларация ғаламторға кіру мүмкіндігі бар барлық компьютерден табыс етіледі.

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Жеке табыс салығы мен мүлкі бойынша декларацияны тапсыру бойынша түсіндірме семинарлар өткізілді.

Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау және Бейнеу аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлері аумақтық төтенше жағдайлар басқармаларының, әскери бөлімдерінің сонымен қатар мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жеке табыс салығы мен мүлкі бойынша декларацияны (230.00 нысаны) тапсыру бойынша түсіндірме семинарлар өткізді.

Шара барысында қойылған сұрақтарға қанағаттандырлықтай түсіндірме беріліп және декларация толтыру жөнінде әдістемелік нұсқау берілді. Берілген семинар мекеме қызметкерлеріне берер пайдасы жетерлік, себебі олар жұмыс уақытында қызметтерін үзбей декларацияны тәжірибеде толтыруын үйренді.

Жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей, аталған декларация ғаламторға кіру мүмкіндігі бар барлық компьютерден табыс етіледі.

№230.00 нысанды декларацияны қасақана ұсынбауы немесе толық, анық ұсынбауы, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексінің 274 бабына сәйкес 50 АЕК айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соғады.

Осындай шараларды Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің барлық аумақтық басқармаларымен құқық қорғау және мемлекеттік органдарда жүргізілуде.

Маңғыстау облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны