08.12.2016, 11:38 4009

Жеке тұлғалар үшін ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы шеӊберінде салық жеӊілдіктері енгізілді

Бағдарламаны іске асыру үшін бөлінген ақшаны игеру кезеӊі 2017 жылғы 1 сәуірде аяқталады, осыған байланысты қарыз алушылар өз қарыздарын қайта қаржыландыру үшін банктерге өтініштер мен құжаттарын беруді тездету қажет.

Алматы. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today - Жеке тұлғалар үшін ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы шеӊберінде салық жеӊілдіктері енгізілді,- деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкініӊ баспасөз қызметі.

Банк таратқан хабарламала былай делінген:

"2016 жылғы 30 қарашада Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына қол қойды.

Ұлттық Банктіӊ бастамасы бойынша Заӊда Ұлттық Банк Басқармасыныӊ 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 69 қаулысымен бекітілген Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы шеӊберінде қарыздары қайта қаржыландырылуға жататын қарыз алушыларға көмек көрсетуге бағытталған түзетулер көзделген.

Мәселен, қарыз алушы жеке тұлғалар Бағдарлама әрекет ететін кезеӊде банктер мен ипотекалық ұйымдар (оныӊ ішінде лицензияны ерікті түрде қайтарғандар) төменде аталған берешекті кешірген кезде жеке табыс салығын төлеуден босатылады:

- негізгі борышқа капиталдандырылған сыйақы, комиссиялық ақы, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл);

- есептелген, бірақ төленбеген сыйақы, комиссиялық ақы, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл);

- валюталық қарызды 2015 жылғы 18 тамыздағы бағам бойынша қайта қаржыландыру кезінде пайда болған бағамдық айырма;

- халықтыӊ әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушыныӊ қарызы бойынша сотқа қуыным берген кезде банк немесе ипотекалық ұйым төлеген мемлекеттік баж бойынша.

Осы түзетулер Бағдарламаны тиімді іске асыруға және проблемалық қарыз алушылардыӊ барынша көп санын қамтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Заӊда қаржы секторына салық салу бойынша түзетулердіӊ жеке блогы көзделген.

Бағдарламаныӊ талаптары бойынша қайта қаржыландыруға қарыз алушылар банктерден (ипотекалық ұйымдардан) 2004 - 2009 жылдар аралығы кезеӊінде алған, берешек қалдығы 2015 жылғы 1 қаӊтарда 36,5 млн.теӊгеден аспайтын ипотекалық тұрғын үй қарыздары/ипотекалық қарыздар жататындығын еске саламыз. Бағдарламаны іске асыру үшін бөлінген ақшаны игеру кезеӊі 2017 жылғы 1 сәуірде аяқталады, осыған байланысты қарыз алушылар өз қарыздарын қайта қаржыландыру үшін банктерге өтініштер мен құжаттарын беруді тездету қажет".

ҚР ҰБ ақпаратына сәйкес, 2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Бағдарлама бойынша банктерге (ипотекалық ұйымдарға) 26 мыӊнан аса өтініш берілді. Қайта қаржыландыру туралы оӊ шешім 19 306 өтініш бойынша 117,3 млрд. теӊге сомаға қабылданды, 17 050 өтініш бойынша қарыз 94,0 млрд. теӊге жалпы сомаға қайта қаржыландырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны