04.07.2017, 13:38 4534

Жекешелендіруден түсетін табыс 4-7 миллиардқа дейінгі долларды құрайды - Сүлейменов

"Қазіргі уақытта сатуға 589 ұйым қалды, оныӊ ішінде 2017 жылы 488 ұйымды, ал 2018 жылы 101 ұйымды сату жоспарланған. Ірі компанияларды сату мәселесі Мемлекеттік комиссияныӊ отырыстарында тұрақты негізде қарастырылады. Бүгінде ТОП-68-ден 32 активті, оныӊ ішінде республикалық меншіктегі 8 компания мен Қордыӊ 24 компаниясын, сондай-ақ Қордыӊ 140 активі мен оныӊ бәсекелестік ортаға беруге жататын тобынан 168-ін сату әдісі бойынша шешім қабылданып отыр", - деді Сүлейменов.

Астана. 4 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов сейсенбіде өткізілген үкіметтіӊ отырысында жекешелендіру барысы туралы баяндады.

"Мемлекет басшысы өзініӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Жолдауында мемлекеттіӊ ұлттық экономикаға қатысу үлесін ЭЫДҰ-ныӊ көптеген елдерініӊ деӊгейіне сәйкес келетін ІЖӨ-дегі 15%-ға дейін азайтуды тапсырды", - деді Сүлейменов.

Ол аталған көрсеткішке қол жеткізу Yellow Pages принциптерін сақтау, 2020 жылға дейін Жекешелендірудіӊ кешенді жоспарын жүзеге асыру, бұл ұстанымдарға сәйкес келмейтін компанияларды қайта құру және жою арқылы мүмкін болатындығын атап көрсетті.

"Қазіргі уақытта сатуға 589 ұйым қалды, оныӊ ішінде 2017 жылы 488 ұйымды, ал 2018 жылы 101 ұйымды сату жоспарланған. Ірі компанияларды сату мәселесі Мемлекеттік комиссияныӊ отырыстарында тұрақты негізде қарастырылады. Бүгінде ТОП-68-ден 32 активті, оныӊ ішінде республикалық меншіктегі 8 компания мен Қордыӊ 24 компаниясын, сондай-ақ Қордыӊ 140 активі мен оныӊ бәсекелестік ортаға беруге жататын тобынан 168-ін сату әдісі бойынша шешім қабылданып отыр", - деді Сүлейменов.

Оныӊ келтірген мәліметтері бойынша, 2014 жылғы маусымнан 2017 жылғы 23 маусымға дейін жалпы сомасы 125,5 млрд.теӊгеге 451 нысан сатылған.

"Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасына сәйкес, 2018 жылы Жекешелендірудіӊ кешенді жоспары бойынша нысандарды сату аяқталатын болады, ал сату мәселесі тыӊғылықты және егжей-тегжейлі дайындықты қажет ететін "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ-ныӊ ірі 17 компаниясы 2019-2020 жылдарға жоспарланып отыр", - деді министр.

Ол мемлекеттік менщікті жекешелендіруден және ұлттық басқарушы холдингтерініӊ құрамына кіретін активтерді сатудан түсетін табыс 4-тен 7 миллиардқа дейінгі долларды құрайтынын атап өтті, түсімдердіӊ көлемі сауда нәтижелеріне байланысты болмақ.

"Инвесторлар негізінен "Самұрық-Қазына" Қорыныӊ 47 ірі активіне қызығушылық танытып отыр, оныӊ 7-еуі IPO/SPO арқылы сатылатын болады. Қордыӊ ірі компанияларыныӊ IPO стратегиясы бойынша қабылданған шешімдеріне орай, IPO-дан түсетін түсімдерініӊ болжалды көлемі 3,5 млрд. АҚШ долларынан 5,5 млрд. АҚШ долларына дейінгі қаражатты құрауы мүмкін", - деді Сүлейменов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны