04.01.2012, 12:38 4244

Желтоқсан айында ҚР инфляция 0,3 пайызды құрады

Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,3%, азық-түлік емес тауарларына - 0,4%, ақылы қызметтерге - 0,2%-ға өсті.

Астана. 4-қаңтар. Kazakhstan Today - Желтоқсан айында ҚР инфляция 0,3 пайызды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің ҚР статистика агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлауыша, баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,3%, азық-түлік емес тауарларына - 0,4%, ақылы қызметтерге - 0,2%-ға өсті.

Өткен айда бағаның жоғарылауы жұмыртқаға 3,2%, етке, жаңа жиналған жемістер мен көкөністерге - 1%-дан, балық және теңіз өнімдеріне - 0,9%, сүт өнімдеріне - 0,7%, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитерлік өнімдерге - 0,6%, алкогольсіз сусындарға - 0,5%-ға тіркелді. Бағаның төмендеуі қантқа 5,6%, жармаларға - 3,2%, ұнға - 2,1%, картопқа - 1,9%, өсімдік майына - 1,4%, күрішке - 1,2%-ға белгіленді.

Баға дизель отынына 0,8%, қатты отынға - 1,7%, мотор майына - 2%-ға өсті. Баға өсімі жеке күтімге арналған тауарларға 0,6%, үй тұрмысына қажетті заттарына - 0,5%, киім және аяқ киімге - 0,4%, фармацевтикалық өнімдерге - 0,2%-ды құрады.

Демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтері 0,3%, денсаулық сақтау - 0,4%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары - 0,6%, мейрамханалар мен қонақ үйлер - 0,7%, көму - 1,2%-ға қымбаттады, деп көрсетілген агенттік сайтындағы хабарда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны