04.01.2012, 11:41 3812

Желтоқсан айында күнкөрістің ең төменгі деңгейі 15 619 теңгені құрады

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2011 жылғы желтоқсанда өткен аймен салыстырғанда 1 пайызға, 2010 жылғы желтоқсанмен 13,8 пайызға өскен.

Астана. 4-қаңтар. Kazakhstan Today - Желтоқсан айында күнкөрістің ең төменгі деңгейі 15 619 теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2011 жылғы желтоқсанда өткен аймен салыстырғанда 1 пайызға, 2010 жылғы желтоқсанмен 13,8 пайызға өскен.

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 23,2 пайыз, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа - 16,7 пайыз, жемістер мен көкөністер - 9,6 пайызды құраған. Ал нан және жарма өнімдері - 8,2 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштер - 2,3 пайызды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны