28.11.2006, 12:47 2738

Желтоқсанда Ангарск қаласында уранды байытатын Қазақстан мен Ресей бірлескен кәсіпорны жұмыс істей бастайды

АСТАНА. 28-қараша. Kazakhstan Today. Желтоқсанда Ангарск қаласында уранды байытатын Қазақстан мен Ресей бірлескен кәсіпорны жұмыс істей бастайды. Бұл туралы республика үкімет басшысы Даниал Ахметов бүгін үкіметтің отырысында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бұл атом өнеркәсібін дамыту бағдарламасын жүзеге асыра бастауға мүмкіндік беретін аса үлкен қадам",- деді ол. "7-желтоқсанда біз "Заречное" бірлескен кәсіпорнында "Росатоммен" бірлесіп уран кенінің алғашқы тоннасын өндіретін боламыз",- деді Д.Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны