09.07.2007, 18:32 2841

Жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасын арзандату үшін облыс әкімдері оны көршілес елдерден сатып алу жөнінде шарт жасасуы қажет - ҚР Индустрия және сауда министрлігі

АСТАНА. 9-шілде. Kazakhstan Today. Жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасын арзандату үшін облыс әкімдері оны көршілес елдерден сатып алу жөнінде шарт жасасуы қажет. Бүгін үкімтете өткен селекторлық жиында ҚР Индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Егер біз жеміс-көкөніс өнімдерінің баға динамикасына аймақтарға шаға отырып қарайтын болсақ, мәселен, Қарағандыдағы баға Солтүстік Қазақстан облысындағыдан арзан, тек алманың бағасы ғана сәл қымбаттау болып келеді. Оған басты себеп - облыс және қалалық әкімшіліктердің өз өңірінің тұрғындарын оңтүстіктегі республикалардан әкелінген жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету жұмыстарының нәтижесіне байланысты", - деді Ғ. Оразбақов.

Ол Қарағанды облыстық әкімшілігінің ағымдағы жылдың сәуір айында жұмыс сапарымен Өзбекстанда болып, сол жерде жеміс-көкөніс өнімдерін сатып алуға шарт жасасқанын еске салды "Ай сайын ол жақтан Қарағандыға 100 мың тоннадан жеміс-көкөніс өнімдері жеткізілуде. Егер басқа өңірлер де осы тәжірибені алып пайдаланса, бағаға қатысты нәтиже жақсара түспек", - деді министр.

"Жуырда ғана Бішкекте болған кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық және қырғызстандық кәсіпкерлер Қырғызстаннан Қазақстанға жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізу жөнінде 48 хаттамаға қол қойды. Ал қырғызстандық кәсіпкерлер Қазақстан үшін "элиталық бақша" болуға дайын екендіктерін білдірді. Сол себепті әкімшіліктер оңтүстікке қарай ат басын бұрып, шарт жасасып, өңірге ауылшаруашылығы өнімдерін енгізгені жөн, ал Индустрия және сауда министрлігі өз кезегінде осындай келісім-шарттарына қол қоюға септігін тигізуге дайын", - деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны