29.10.2015, 16:30 4252

Жеӊілдікті несиелеу бойынша автокөліктердіӊ лимит құны 9 млн теӊгеге дейін артады - Б.Жәмішев

Жеӊілдетілген автонесиелеу бағдарламасы аясында жеӊіл автокөліктердіӊ лимит құны 5,6 млн-нан 9 млн-ға дейін өседі, деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "Қазақстанныӊ даму банкі" АҚ басқармасыныӊ төрағасы Болат Жәмішев

Астана. 29 Қазан. Kazakhstan Today - Жеӊілдетілген автонесиелеу бағдарламасы аясында жеӊіл автокөліктердіӊ лимит құны 5,6 млн-нан 9 млн-ға дейін өседі, деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "Қазақстанныӊ даму банкі" АҚ басқармасыныӊ төрағасы Болат Жәмішев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біз 5,6 млн теӊгеден 9 млн теӊгеге дейін соманы өсіріп жатырмыз. Бұл автомобиль құныныӊ өсуімен байланысты", - деп түсіндірді Б.Жәмішев, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Ол сондай-ақ, аталған бағдарламаға қосымша ретінде тағы 10 млрд теӊге бағытталатынын хабарлады.

"Жеӊілдетілген автонесилердіӊ екінші траншына 10 миллиард теӊге бөлінеді. Үкімет бір айдыӊ ішінде қаулы қабылдайды деп үміттенемін. Бірақ транш қай кәсіпорынға берілетіні әзірге белгісіз. Оныӊ бәрі Үкімет қабылдаған қаулыдан кейін анықталады. Қараша айыныӊ екінші жартысында бұл бағдарлама әрі қарай жалғасады деп ойлаймын", - дейді Қазақстан даму банкініӊ басқарма төрағасы.

Оған қоса, ол жеӊілдікті автонесиелеу аясында Hyundai, KIA және Skoda сияқты үлгілер танымал екенін айтып өтті.

"Жеӊілдетілген автонесилер беру бағдарламасы аясында биылғы жылдыӊ 22 қазанындағы мәлімет бойынша ҚДБ жеке тұлғалардыӊ 3991 өтінішін қанағаттандырды. Жалпы сомасы 12 млрд 485 млн теӊгеге Қазақстанда шығарылған автокөліктерді сатып алуға коммерциялық банк-агенттерге келіп түкен өтініштер бойынша ҚР Үкіметініӊ бекітілген қаржыландыру талаптарына сәйкестігін растады", - дейді ол.

Жеӊілдетілген автонесиелеу бағдарламасы президенттік бастама "Нұрлы жол" аясында жүзеге асырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны