29.06.2009, 16:48 3133

Жер қатынастары саласындағы заң бұзушылықтардың жартысынан астамын жерді білермендікпен басып алу иемденеді (толықтырылған)

Жер қатынастары саласындағы заң бұзушылықтардың жартысынан астамын жерді білермендікпен басып алу иемденеді (толықтырылған)

Астана. 29 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жер қатынастары саласындағы заң бұзушылықтардың жартысынан астамын жерді білермендікпен басып алу иемденеді. Бұл туралы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің төрағасы Өмірзақ Өзбеков бүгін парламент мәжілісінде өткен "үкіметтік сағат" барысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Мемлекеттің жерді меншіктену құқығын бұзу, яғни, жерді білермендікпен басып алу деректері өткен жылы барлық беті ашылған заң бұзушылықтардың 59%-ын иемденді ", - деді Ө. Өзбеков.

Сонымен бірге, оның хабарлауынша, "бөлінген жерді мақсасыз пайдалану 17% құрады".

2008 жылы республика бойынша өңіраралық жер инспекцияларымен жер заңнамасының сақталуына қатысты шаруашылық субъектілеріне 4,7 мыңға жуық тексеру жүргізілген.

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, жер заңнамасының 2,4 мың бұзушылығы айқындалды.

Тексерулер нәтижесінде 2,3 мың жағдайда жер заңнамасын бұзушыларға жалпы сомасы 130 миллион теңге айыппұл түрінде әкімшілік ықпалдағы шаралар қолданылды, 89 жағдайда ескертулер шығарылды.

Заң бұзушылықтардың жалпы санынан 1 мыңнан астамы бойынша заң бұзушылықтар жер инспекцияларының тиісті нұсқамалары негізінде жойылды, ал жер заңнамасын бұзудың 501 жағдайында материалдар сот органдарына жіберілді.

Жер қатынастары саласындағы заң бұзушылықтарды талдау барысында жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзу, яғни жерді өз бетімен басып алу фактілері барлық анықталған заң бұзудың 59 пайызын, ал берілген жер учаскелерін нысаналы мақсатында пайдаланбау 17 пайызды құрап отырғаны белгілі болып отыр.

Сонымен қатар, осы уақыт ішінде жер инспекцияларымен жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары саласындағы шешімдерінің заңдылығын тексеру туралы 165 тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 830 заң бұзу фактілері анықталды. Оның 730 фактісі бойынша әкімшіліктерге ондай шешімдерді заң талабына сәйкестендіру туралы нұсқамалар беріліп, 98 факті бойынша шешімдердің күшін жою туралы талап-арыз сот орындарына түсірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны