30.09.2016, 11:50 7385

Жер заӊнамасына енгізілетін түзетулер жобасы парламентке қараша айында жолданады

"Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊ жобасы ағымдағы жылдыӊ қараша айыныӊ аяғында Мәжіліске енгізіледі

Астана. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - 27 қыркүйекте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде осы Министрліктіӊ жанында жер заӊнамасын жетілдіру жөнінде құрылған жұмыс тобыныӊ қызметі барысы туралы таныстыру болып өтті, деп хабарлайды ҚР Ауылшаруашылығы министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Жұмыс тобы ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовтыӊ 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 396 бұйрығымен құрылған.

Жұмыс тобы құрамына 39 мүше: мүдделі орталық мемлекеттік органдардыӊ өкілдері, облыстар әкімдерініӊ жетекшілік ететін орынбасарлары, облыстардыӊ,

Алматы және Астана қалаларыныӊ жергілікті атқарушы органдардыӊ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ өкілдері, ҚР Ғылым академиясыныӊ ғалымдары кірді.

Жұмыс тобыныӊ негізгі міндеті - "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊ жобасын және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру институтын жетілдіру жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу болып табылады.

Бұл міндет жұмыс тобына Мемлекет басшысыныӊ "Жер заӊнамасыныӊ кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентініӊ 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығы және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ 2016 жылғы 10 мамырдағы № 38-ө өкімі негізінде қалыптасқан Жер реформасы жөніндегі комиссия қызметініӊ қорытындылары бойынша 2016 жылғы 17 тамыздағы № 3214 тапсырмасыныӊ негізінде жүктелген.

Жұмыс тобыныӊ жетекшісі ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Н. Нысанбаев.

Таныстыру барысында Ерлан Нысанбаев жұмыс тобыныӊ атқарған қызметі туралы баяндады.

Оныӊ хабарлауынша, бүгінгі күні "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊ жобасыныӊ тұжырымдамасы әзірленді. Заӊ жобасыныӊ тұжырымдамасы ашық нормативтік-құқықтық актілердіӊ интернет-порталына көпшілік талқылауы үшін орналастырылды, сондай-ақ, құқықтық сараптамаға жолданды.

Оныӊ негізінде қазіргі уақытта Заӊ жобасы әзірленіп жатыр.

Заӊ жобасы негізінен Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Заӊ жобасыныӊ негізгі мақсаты Жер реформасы жөніндегі комиссияныӊ қабылдаған ұсынысыныӊ негізінде қазақстандықтарға ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жерлерді жалға беру нормаларын жетілдіру болып табылады.

Заӊ жобасы ауыл шаруашылығы жерлерін берудіӊ ашық механизмдерін белгілеуге, сондай-ақ, жерледі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталатын болады.

Вице-министрдіӊ айтуынша жер қатынастары саласындағы өзара қарым-қатынастыӊ ұсынылатын жаӊа жүйесі азаматтық қоғамныӊ дамуына, жергілікті атқарушы органдар қызметініӊ жариялы болуына ықпал етеді, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жерлерін беру процестерін ақпараттандыруға және оныӊ ашық болуына бағдарланған.

Изірленген соӊ Заӊ жобасы көпшілік талқылауына ұсынылатын болады.

Заӊ жобасыныӊ Қазақстан Республикасыныӊ Парламенті Мәжілісіне енгізілуі ағымдағы жылдыӊ қараша айыныӊ аяғына жоспарланып отыр.

Анықтамалық: Жалпы республика бойынша 31,3 мыӊ га жерді шетелдік жер пайдаланушылары жалға алып отыр. Жалпылай алғанда, ел аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердіӊ көлемі 100835,4 мыӊ га құрайды және мұндағы шетелдік жер пайдаланушылардыӊ үлестік салмағы 0,03%.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны