27.04.2010, 17:08 3339

Жергілікті бюджеттер жыл сайын жұмсайтын 2 трлн астам теңге әлсіз бақыланады және ашықтық жоқ - Есеп комитеті

Жергілікті бюджеттер жыл сайын жұмсайтын 2 трлн астам теңге әлсіз бақыланады және ашықтық жоқ - Есеп комитеті

Астана. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанның Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаевтың пайымдауынша, жергілікті бюджеттер жыл сайын жұмсайтын 2 трлн астам теңге әлсіз бақыланады және ашықтық жоқ. Бұл туралы ол бүгін жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселесіне арналған форумда мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бүгінгі күні жергілікті бюджеттер жыл сайын жұмсайтын қаражат көлемі 2 трлн астам теңгені құрайды. Бұл сан 3 трлн теңгеге жуық республикалық бюджетпен теңесуге жақын. Алайда осындай орасан көлемді мемлекет қаржысы сыртқы қаржылық бақылау аясына қамтылмаған. Оның пайдаланылуына жүргізілетін талдау әлсіз, көп жағдайда қаржының пайдаланылуында ашықтық жоқтың қасы және осы қаржының пайдаланылуы жариялы емес", - деді О. Өксікбаев.

Оның айтуынша, мұндай жағдайды "мәслихаттардың ревизиялық комиссияларының әлсіздігімен және осындай институттардың жұмысының тиімсіздігімен түсіндіруге болады". "...Де-факто бұл - мәслихаттардың ревизиялық комиссиялары секілді мемлекеттік органның өте осалдығында", - деді Есеп комитетінің басшысы.

"Бүгінде осы саладағы заңнама жетілдірілмеген", - деді ол.

"Мәслихаттардың хатшылары мен ревизиялық комиссияларының төрағаларының қатысып отыруын пайдаланып, біздің еліміз әлсіз жұмыс істейтін мемлекеттік органды ұстап отыру үшін анау айтқандай алпауыт ел емес екендігімізді айта кетпекпін", - деп атап көрсетті ол.

Есеп комитетінің төрағасының мәліметінше, бүгінде еліміздің 8-10 облысы пайдаланып отырған қаражаттың шамамен 60%-ы - республикалық бюджеттен бөлінетін субвенциялар", ал оларды қазір Есеп комитеті қадағалай алмай отыр, оған себеп, бюджеттік кодексте ондай норма қарастырылмаған, демек, олар бақылаусыз, ашық емес күйінде қалып отыр".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны