11.02.2014, 19:18 11606

Жергілікті және республикалық бюджет міндеттемелері толығымен орындалады - Е.Досаев

Оның айтуынша, теңге бағамының өзгеруі мен ЖІӨ бастапқы бағамының өзгеруі бюджет түсімінің 200 млрд. теңгеге артуына септігін тигізеді.

Алматы. 11 ақпан. Kazakhstan today. Жергілікті және республикалық бюджет міндеттемелері толығымен орындалады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

"Жергілікті билік органдарымен белсенді жұмысты жүргізу мәселелері мен біздің саясатымызды сәйкестендіру жұмыстары өз жалғасын табады және олар бұған дейінде жүргізіліп келген. Бейімделген дағдарысқа қатысты іс-шаралар жалғасады және олар бұған дейінде қабылданған болатын. Сондықтан да, жергілікті және республикалық бюджет міндеттемелері толығымен орындалады", - деп Е. Досаев хабарлады.

Оның айтуынша, теңге бағамының өзгеруі мен ЖІӨ бастапқы бағамының өзгеруі бюджет түсімінің 200 млрд. теңгеге артуына септігін тигізеді.

"Біз бюджетке түсім динамикасын бақылап отырамыз және 2014 жылғы бюджетті нақтылау мәселелерін қарастырамыз. Бірінші тоқсанның нәтижесі бойынша біз түсім динамикасын қарастырамыз", - деп ол өз ойын толықтырды.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық банк бүгін АҚШ долларының бағамын 185 теңгеге сату/сатып алу 3 теңгеге дейін ресми түрде көтерді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны