14.05.2009, 15:42 2779

Жергілікті жерлерде ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерді дамытуға бөлінген субсидияларды бөлгенде заң бұзушылықтарға жол берілген

Жергілікті жерлерде ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерді дамытуға бөлінген субсидияларды бөлгенде заң бұзушылықтарға жол берілген

Астана. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Жергілікті жерлерде ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерді дамытуға бөлінген субсидияларды бөлгенде заң бұзушылықтарға жол берілген. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Агроөнеркәсіп кешендегі (АӨК) Мемлекеттік инспекция Комитетінің төрағасы Серік Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

2008 жыл ішіндегі асыл тұқымды малдың сатылғанына және араласқанына талдау жасалып, мынадай фактілер анықтады. Тауар өндірушімен арзандатылған бағамен сатылған асылтұқымды мал, артынан, олар базарда қайта сатылуға түскен. Нақты айтқанда, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Абай ауылдық округінің азаматы Қ.Тұмарбаев Павлодар облысы Май ауданы "Ақжар-Өндіріс" ЖШС-нен 20 бас асылтұқымды жылқыларды сатып алған. Сосын жылқылардың көрсетілген басы сатып алушымен Қарағанды қаласында қайта сатылған.

Сатылған малдың санында және сатып алған шаруашылыққа келіп түскен малдың нақты санында үлкен айырмашылық болып шықты. Себебі, Қарағанды облысы Шет ауданы "Шолақ-Еспе" шаруашылық қожалығынан 50 бас мұқалжар тұқымдас жылқылары, Солтүстік Қазақстан облысы "Альжан" шаруашылық қожалығына сатып әкелінген, дәлелді түрде тиісті орынға жылқының бар жоғы 10 басы әкелінген.

Осындай құбылыстардың орын алуы, басқа облыстарда да тіркелген. Мысалы, Қостанай облыстық аумақтық инспекцияның мәліметі бойынша Ақмола облысы Жарқайын ауданы "Қараман-Қарасу" ЖШС-нен "Кен-М" ЖШС-іне 220 бас қазақтың ақбас тұқымды малы сатылған. Дегенмен, сатылған мал сол күйі бұрынғы иесінің шаруашылығында қалған.

Мұндай жағдайлар Атырау облысында да анықталды. Мысалы, Атырау облыстық аумақтық инспекцияның ақпараты бойынша, келесі шаруашылықтар: "Ақнұр" ШҚ, "Байғожин" ШҚ, "Кенеш" ШҚ қазақтың ақбас тұқымы етті малды және етті-майлы еділбай тұқымын Батыс Қазақстан облысының асылтұқымды зауытынан және асылтұқымды шаруашылықтарынан сатып алу - сату келісім-шартына сәйкес сатып алған. Бірақ, бұл жерде де сатылған мал бұрынғы иесінің меншігінде қалған.

Жамбыл облысында заңсыз асылтұқымды малды сату дәлелі анықталды. Сарысу ауданындағы "Ынтымақ" ШҚ-ығы "Ғалымжан-1" ШҚ-ына қазақтың құйрықты іріталшықты тұқымының 330 бас қойын сатқаны туралы тексеріс жүргізілген. Іс жүзінде асылтұқымды малды сату жүргізілмеген, ал қой сатып алған шаруашылыққа жеткізілмеген.

Аталған облыстардың ауылшаруашығы басқармалары мақсатты трансферттерді ретсіз пайдаланылғаны туралы деректерге қатысты түбегейлі шаралар қолданбаған.

"Комитет өз тарапынан алдын ала осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында, ауданнан ауданға асыл тұқымды малдың араласпауына бақылауды күшейту, сатып алынған асылтұқымды жас малды карантинге қою, малды бірдейлендіру, әрбір сатып алынған малдың асылтұқымдық куәлігінің болуына үнемі бақылау жүргізіп отыр. Осы мәліметтердің барлығы құқық қорғау органдарына берілді және айыпты лауазымды тұлғаларға тиісті шаралар қолданылады",- деді Серік Сүлейменов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны