28.08.2012, 16:14 2965

Жеті айдың қорытындысы бойынша сақтандыру және қайта сақтандыру сыйақыларының түсімі 19,2 пайызға өскен

1 тамыздағы мәлімет бойынша сақтандыру нарығындағы көшбасшы 5 компанияның үлесі жиынтық сақтандыру сыйақысының 45,6 пайызын құрады. Оның 16 пайызы "Еуразия" сақтандыру компаниясының, 9,5 пайызы -"Халық-Қазақинстрах" сақтандыру компаниясының, 8,3 пайызы - "АМСГ" сақтандыру компаниясының үлесінде болса, "Номад Иншуранс" пен "Номад Life" сақтандыру компанияларының әрқайсысының үлесі - 5,9 пайызды құрайды.

Алматы. 28-тамыз. Kazakhstan Today - Сақтандыру және қайтас ақтандыру сыйақыларының түсімі 7 айдың қорытындысы бойынша 132,4 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,2 пайызға жоғары, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

1 тамыздағы мәлімет бойынша сақтандыру нарығындағы көшбасшы 5 компанияның үлесі жиынтық сақтандыру сыйақысының 45,6 пайызын құрады. Оның 16 пайызы "Еуразия" сақтандыру компаниясының, 9,5 пайызы -"Халық-Қазақинстрах" сақтандыру компаниясының, 8,3 пайызы - "АМСГ" сақтандыру компаниясының үлесінде болса, "Номад Иншуранс" пен "Номад Life" сақтандыру компанияларының әрқайсысының үлесі - 5,9 пайызды құрайды.

Нарықтағы ең ірі "Еуразия" СК" АҚ-ның жинаған сыйақысы 7 айда 21,2 млрд. теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 25,2 пайызға жоғары. Сақтандыру компанияларының жарғылық капиталының 41,3 пайызы "Еуразияның" үлесіне тиеді. Оның активі биыл 16 пайызға ұлғайып, 75,4 млрд. теңгеге, капиталы 11 пайызға өсіп, 49,7 млрд. теңгеге жетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны