10.12.2011, 11:55 5902

Жетіген - Қорғас темір жолы ашылды

"Жетіген-Қорғас" жаңа теміржол желісінің құрылысы стратегиялық маңызға ие, себебі оның пайдалануға берілуімен Қазақстан мен Қытай арасындағы екінші теміржол аралығы ашылады.

Астана. 10-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен өткен телекөпір барысында Жетіген - Қорғас темір жолының ашылуы болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

"Жетіген-Қорғас" жаңа теміржол желісінің құрылысы стратегиялық маңызға ие, себебі оның пайдалануға берілуімен Қазақстан мен Қытай арасындағы екінші теміржол аралығы ашылады.

Қазіргі таңда 293 шақырым жол жүргізіліп, 5 станса, 9 разъезд, 28 көпір және 2 жол өтпесі салынды. Разъездер мен Алтынкөл шекарамаңы стансасында негізгі қызметтік-техникалық ғимараттардың құрылысы аяқталды.

Бұл жоба туралы толық ақпаратпен "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ ұсынған бейнероликтен таныса аласыздар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны