Система Orphus

"Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшылығы мен бизнесмендер бірлескен жұмыстар туралы мәмілеге келді

22.02.2008, 10:28 2521

Талдықорған. 22-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Талдықорғанда өткен бизнес-форумда "Нұр Отан" партиясының облыстық өкілдігі мен "Атамекен" экономикалық палатасының өкілдері "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Серік Сұлтанғалиевпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Форум барысында "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшылығы Алматы қаласы мен облысының кәсіпкерлері мен бизнес-құрылымдарының өкілдерін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация қызметінің алғашқы нәтижелерімен таныстырды. Өз кезегінде бизнесмендер әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациямен бірлесе отырып іске асыруға дайын жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және құрылыс индустриясы салаларындағы инвестициялық жобаларымен таныстырды.

"Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорация кәсіпкерлерді күрделі процедуралардан босата отырып бизнестің билік құрылымындағы өкілдігі болады. Бірге жұмыс істей отырып біз, бір жағынан, бизнеске кепілдеме береміз, ал екінші жағынан, мемлекет мүддесін қорғаймыз", - деп мәлімдеді С. Сұлтанғалиев.

"Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының инвестициялық жобаларын жүзеге асырудың басымдыққа ие бағыттары анықталған. Олардың қатарына тұрғын үй құрылысы, энергетика, жер қойнауын пайдалану, көлік инфрақұрылымы, агроөнеркәсіп кешені, ақпараттық технология, туризм, құрылыс индустриясы, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру жатады.

Сонымен бірге, басқарма төрағасының орынбасары Азиз Ізтілеуов хабарлағандай, "қазіргі уақытта жобаларды жүзеге асыруда техникалық көмек көрсету және қолдау білдіру мәселесі бойынша Дүниежүзілік банк, Еуропа қайта құру және даму банкі секілді халықаралық қаржылық-экономикалық институттармен келіссөздер жүргізілуде".

А. Ізтілеуовтың айтуынша, "Жаңа Іле" туристік орталығын құру, Алматы - Қорғас автожолын салу, Алматы - Қапшағай автожолын салу, Көлжат кенішін жер астында газдандыру жобасы секілді ірі жобалар бойынша шетелдік ірі инвестициялық банктермен де (HSBC, Goldman Sachs, ABN Amro, MacQuairie Bank) келіссөздер жүргізілуде.

Агенттік тілшісі анықтағандай, Қапшағай жағалауында Жаңа Іле қаласы мен Алматы - Қапшағай трассасының бойында серіктес қалаларды салу бойынша мега жоба тек бастапқы сатысында тұр. Атап айтқанда, Жаңа Іле қаласын салуды 2010 жылы бастау жоспарланып отыр. Ал серіктес қалалардың құрылысының аяқталуын айтпағанда басталуының өзі әзірше белгіленбеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны