05.06.2020, 13:48 8054

Жезқазған қаласының құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғалары ақша қаражатын жымқырғаны үшін күдікті деп танылды

№2 үлгісіндегі актілердің негізінде іс жүзінде орындалмаған жұмыс үшін 20 209 716,9 теңге төлеу арқылы 2019 жылы "Нұрлы Жер" мемлекеттік бағдарламасының аясында бөлінген қаражатты жымқыруда күдікке ілінген

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan Today - Жезқазған қаласының құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғалары ақша қаражатын жымқырғаны үшін күдікті деп танылды.

Жезқазған өңірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жезқазған қаласының батыс тұрғын ауданының көп қабатты тұрғын үйлерінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру бойынша №2 үлгісіндегі актілердің негізінде іс жүзінде орындалмаған жұмыс үшін 20 209 716,9 теңге төлеу арқылы 2019 жылы "Нұрлы Жер" мемлекеттік бағдарламасының аясында бөлінген қаражатты жымқыруда күдікке ілінген "Жезқазған қаласының құрылыс бөлімі" ММ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Қазіргі уақытта тиісті тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны