05.02.2014, 21:11 3871

Жезқазған өңірін дамытудың кешенді жоспары геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін 25 млрд теңге қарастыруда

Өңір дамуының кешенді жоспарында 88 жоба қамтылған. Оның жалпы құны 351,5 млрд теңгені құрайды. Республикалық бюджеттен Жезқазған ойпаты аумағындағы пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша болашақ жұмыстарды анықтау мақсатында геологиялық-геофизикалық минералдар қорының кешенді сараптамасына қаражат бөлінеді.

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan today. Жезқазған өңірін дамытудың кешенді жоспары геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге 25 млрд теңге қажет етеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы дәстүрлі өндіру секторының тиімділігін арттыруды тапсырған болатын.

"Жезқазған өңірін дамытудың кешенді жоспары геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге 25 млрд теңге қарастыруда. Бұл өз кезегінде жер қойнауын пайдаланудың жаңа нәтижелерге жетіп, соның жемісі ретінде өңір жағдайының жақсаруына жол ашпақ.Минералды-шикізаттық базаны кеңейту үшін теңгерімді және теңгерімнен тыс қор, кентірек қоры мен әлсіз қуатты кенді қайта санау жұмыстары жүргізіледі. Оны "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС өз мойнына алмақ", - деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігі.

Өңір дамуының кешенді жоспарында 88 жоба қамтылған. Оның жалпы құны 351,5 млрд теңгені құрайды.

Республикалық бюджеттен Жезқазған ойпаты аумағындағы пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша болашақ жұмыстарды анықтау мақсатында геологиялық-геофизикалық минералдар қорының кешенді сараптамасына қаражат бөлінеді.

Сонымен қатар, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге "Қазақмыстың" 11,5 млрд теңгесі бөлінбек.

Хабарламада айтылғандай, өңірде "Қазақмыс" корпорациясының кен өндіру кәсіпкерлігінің құрылысы жоспарланып отыр. Құрылыстың жүргізілетін жері Жезқазған кен орнынан қашықтағы Жыланды кен орны тобы қоры (Шығыс Сары Оба, Итауыз, Батыс Сары Оба Қыпшақбай мен Қарашошақ).

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны