28.12.2013, 19:53 3041

Жезқазған өңірінің кен-барлау жұмысына 25,1 млрд теңге қарастырылған - Б. Ибдішев

Б.Ибдішевтің түсіндіруінше, "Көкейкесті жоспарға 88 шара енгізіліп, ол 351,5 млрд. теңгені қарастырса, оның 169 млрд. теңгесі бюджеттік, 24 млрд. жергілікті қазынаның, қалғаны "Қазақмыс" корпорациясының қаржысы.

Алматы. 28 желтоқсан. Kazakhstan today. Жезқазған өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарында кен-барлау жұмысына 25,1 млрд теңге қарастырылған, деп www.primeminister.kz порталы Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Ибдішевке сілтеме жасай отырып хабарлады.

Б.Ибдішевтің түсіндіруінше, "Көкейкесті жоспарға 88 шара енгізіліп, ол 351,5 млрд. теңгені қарастырса, оның 169 млрд. теңгесі бюджеттік, 24 млрд. жергілікті қазынаның, қалғаны "Қазақмыс" корпорациясының қаржысы.

Ол сонымен қатар, Кешенді жоспарда бірінші рет кен-барлау жұмыстарына 25,1 млрд. теңге қарастырылып, оның кеніштердің "өмірін" тағы да 40 жылға, яғни 2050 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Қазақмыс" корпорациясы басшысы Э.Огайдың сөзіне қарағанда "Жезқазған аймағын дамыту бойынша қабылданған стратегиялық шешімнің 30 мың адамның жұмыс орнын сақтап қалуына, әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандырып, тиісті еңбекақы төлеуге мүмкіндік береді", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны