12.07.2016, 15:57 5264

"Жібек жолы" жаӊа кемесі Қазақстанныӊ құрғақ жүк флотын толықтырды

"Жаӊа кеменіӊ атын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Жібек жолы" деп атауы да тегін емес. Өйткені, Қазақстан мен "ҚТЖ" ҰК" АҚ даму стратегиясына орай, Каспий инфрақұрылымын жетілдіру мен теӊіз флотын құру арқылы мультимодальдық тасымалдауды жиілетуге баса назар аударылып отыр",-деп атап өтті А. Мамин.

Астана. 12 шілде. Kazakhstan Today - 12-шілдеде 7 мыӊ тонна жүк көтеретін "Жібек жолы" құрғақ жүк кемесі ресейлік Шлиссельбург портынан суға түсірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кемені суға түсіру салтанатына "ҚТЖ" ҰК" АҚ президенті Асқар Мамин, РФ көлік министрініӊ орынбасары Виктор Олерский, Ленинград облысыныӊ губернаторы Александр Дрозденко қатысты.

Салтанатты шараға қатысушылар алдында "ҚТЖ" ҰК" АҚ президенті Асқар Мамин сөз сөйледі.

Ол аталмыш шараныӊ Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен атқарылып отырған - "Нұрлы жол" бағдарламасындағы жобаларды жүзеге асыру, ҚР құрғақ жүк флотын дамыту, Қазақстанныӊ транзиттік көліктік әлеуетін жетілдіруден туындаған маӊызды мақсат екендігін атап өтті.

"Жаӊа кеменіӊ атын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Жібек жолы" деп атауы да тегін емес. Өйткені, Қазақстан мен "ҚТЖ" ҰК" АҚ даму стратегиясына орай, Каспий инфрақұрылымын жетілдіру мен теӊіз флотын құру арқылы мультимодальдық тасымалдауды жиілетуге баса назар аударылып отыр",-деп атап өтті А. Мамин.

2013 жылы құрылған "KTZ Express Shipping" кеме компаниясы сыйымдылығы 5 мыӊ тонналық екі құрғақ жүк кемелерін сатып алғанды. Олар арқылы астық, металл өнімдері және басқа да құрғақ жүктер тасымалданады. Сондай- ақ, "өз-жүгіміз, өз -портымыз, өз флотымыз" тәртібін меӊгерген.

Биылғы жылы флот екі "Жібек Жолы" және "Атамекен" жүк кемесімен толығады.

Биылғы жылы маусымда Загребеде "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ президенті А. Мамин мен "Ульяник" кеме жасау компаниясыныӊ Бас директоры Д. Росанда екі жаӊа паром жасау келісім шартына қол қойды.

2020 жылдарға қарай құрғақ жүк тасымалдау флотын жиырмаға жеткізіп, Каспий айдынына Ақтау порты арқылы шығатын құрғақ жүктіӊ 55 пайызын қамту көзделіп отыр.

"Каспий Шығыс-Батыс, Солтүстік-Оӊтүстік халықаралық көлік дәліздерін байланыстырушы ғана емес, аймақтағы елдердіӊ транзиттік әлеуетін күшейтуге ықпал етуші маӊызды рол атқарады",-деп атап өтті А. Мамин.

РФ көлік министрініӊ орынбасары Виктор Олерский аталмыш оқиғаны "Қазақстан мен Ресей арасындағы тарихи тұрғыдағы табыс интеграциялық үдеріс" деп атады. Ол бұдан әрі қарай да қазақстандық және ресейлік компаниялар арасындағы түрлі саладағы байланыстардыӊ тереӊдей түсетіндігіне сенім білдірді.

Каспий аймағындағы өзара серіктестік әлеуетін транзиттік тасымалдауда шоғырландыру -барлық қатысушыларға жаӊа мүмкіндіктер әперіп, табыс көзіне айналады.

Биылғы жылы Нева кеме жасау және жөндеу кәсіпорнымен әрқайсысы 7000 тонналық екі көпсалалы құрғақ жүк кемесін жасау жөнінде келісімге қол қойылды. Жоба Еуропа қайта құру және даму банкісініӊ қолдауымен жүзеге асырылып отыр.

Жаӊа "Жібек жолы" құрғақ жүк кемесініӊ суға түсірілуіне байланысты, оныӊ бортына шампан сындыру дәстүрін Маххабат Бекбосынова атқарды. М. Бекбосынова медицина ғылымдарыныӊ докторы, кардиолог. Қазіргі кезде ол Астанадағы "Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталығы" АҚ басқарма төрағасыныӊ бірінші орынбасары болып қызмет атқарады.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны