22.12.2006, 10:05 1773

Жыл басынан бастап сыртқы экономикалық келісімдер бойынша іс құжаттар тек екінші деңгейдегі банктерде рәсімделмек

АЛМАТЫ. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today. 2007 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап сыртқы экономикалық келісімдер жөніндегі істердің құжаттары тек екінші деңгейдегі банктерде рәсімделетін болады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне кедендік бақылау департаментінен хабарлады. ҚР экспорт пен импортты валюталық бақылауды реттейтін нормативті-құқықтық актілерді дамыту үшін және ҚР валюталық тәртіпті одан әрі либерализациялау мақсатымен 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап валюталық бақылау жасайтын кедендік органдардың қызметі шектелетін болады. Олар енді экспорттық түсімді бақылау мен импорт арқылы келген тауарды бақылау және олардың құжаттарын рәсімдеуден шеттетілмек. Бұл қызметтерді енді ҚР Ұлттық банкі мен екінші деңгейдегі банкілер атқармақ",-деп атап көрсетілген кедендік бақылау департаменті таратқан хабарламада.

Операцияларды толығымен орындағаны туралы істің құжаттары бар /өзара міндеттерді орындаған деген/ сыртқы экономикалық қызметті орындаушылар іс құжаттарын Алматы қаласы бойынша кеден бақылау департаментінде жабулары қажет,-деп хабарламада анықтама берілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны