17.10.2016, 15:04 4204

Жыл басынан бері Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сауда айналымы 80 млн долларды құрады

Форум аясында қазақстандық және венгрлік кәсіпкерлер арасында дәстүрлі екіжақты кездесулер өткізіледі.

Астана. 17 қазан. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 8 айыныӊ қорытындысы бойынша Қазақстан мен Мажарстан (Венгрия) арасындағы сыртқы сауда айналымы шамамен 80 млн долларды құрады. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов Астанадағы Қазақстан-Мажарстан бизнес форумы барысында хабарлады.

"Бүгінде Қазақстанда венгр капиталыныӊ қатысуымен негізінен құрылыс, сауда және өндіріс секторларындағы шамамен 50 ортақ кәсіпорын сәтті қызмет етуде. Екі елдіӊ сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеӊейтудіӊ үлкен әлеуеті бар. Изірге ол толықтай пайдаланылып жатқан жоқ", - деді Т. Жақсылықов.

Вице-министрдіӊ айтуынша, 2015 жылы Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сыртқы сауда айналымы 102 млн долларды құрады, ал ағымдағы жылдыӊ 8 айыныӊ қорытындысы бойынша шамамен 80 млн долларды құрады. Екі елдіӊ табысты ынтымақтастығын нығайту үшін барлық жағдай жасалды. Екі ел арасында стратегиялық кеӊес құрылды, экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссия, іскери кеӊес, сонымен қатар, 40 млн доллар сомасына ауыл шаруашылығы жобаларын қаржыландырудыӊ ортақ қоры жұмыс істейді. Экономика саласындағы екіжақты халықаралық құқықтық шарттық базаныӊ негізгі элементтері қалыптастырылған.

"Бизнес форум аясындағы келісімдер сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға жаӊа серпін береді деген үміттеміз. Біз жандандырудыӊ, энергетика, фармацевтика, машина жасау, коммуникация, ауыл шаруашылығы машинасын жасау, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі салаларындағы ынтымақтастықты дамытудыӊ мүмкіндіктері зор деп есептейміз", - деді Т. Жақсылықов.

Қазақстан-Мажарстан бизнес форумы Қазақстан Республикасы мен Мажарстанныӊ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын жалғастырып, оны әрі қарай нығайтуды көздейді. Форум аясында қазақстандық және венгрлік кәсіпкерлер арасында дәстүрлі екіжақты кездесулер өткізіледі. Мұнда экономиканыӊ фармацевтика, медициналық жабдық, ауыл шаруашылығы, машина жасау, тамақ өнеркәсібі, логистика, АКТ сияқты секторларындағы ынтымақтастықтыӊ келешегі талқыланатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны