09.06.2015, 13:57 4062

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 77,1 млрд. теӊге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы берілді

2015 жылғы қаӊтар-мамыр айларында республикалық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу үшін 74,3 млрд. теӊге, мемлекеттік арнайы жәрдемақы төлеу үшін 2,8 млрд. теӊге бөлінді

Астана. 09 Маусым. Kazakhstan Today - 2015 жылғы қаӊтар-мамыр айларында республикалық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу үшін 74,3 млрд. теӊге, мемлекеттік арнайы жәрдемақы төлеу үшін 2,8 млрд. теӊге бөлінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгінгі таӊда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны 493,9 мыӊ адам, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 182 мыӊ адам, жасы бойынша 5,2 мыӊ адам алады.

Осы кезеӊде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыныӊ орта мөлшері мүгедектігі бойынша 22 903 теӊгені, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 20 211 теӊгені, жасы бойынша 11 110 теӊгені құрады.

Одан басқа, бүгінгі күні республикада №1 және №2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақыны 30,4 мыӊ адам алады.

Жыл басынан бері №1 және №2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы мөлшері артып, сәйкесінше 18 671 және 16 610 теӊгені құрады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны