09.08.2018, 19:35 4910

Жыл басынан бері "ҚТЖ" ҰК" АҚ желілерінде 7% артық жүк тиелді

Биылғы мамыр-шілдеайларында екі миллион тоннадан астам көмір тасымалданды. Бұл өткен жылдыӊ сәйкес мерзімімен салыстырғанда 35 % жоғары көрсеткіш. Маусымда 850 мыӊ тонна көмір тасымалданса, ол өткен жылдыӊ сәйкес мерзімімен салыстырғанда 74% жоғары көрсеткішті құрады.

Астана. 9 тамыз. Kazakhstan Today - Биылғы жыл басынан бері жеті айда жүк айналымы 8,3% артып, өткен жылмен салыстырғанда 125,9 млрд. тонно-км нетто құрады. Жыл басынан бері 144 млн. тонна жүк тиеліп, өткен жылмен салыстырғанда 7% өсті. Жүк тиеудіӊ өсуі түсті металл (7,6%), құрылыс материалдары (21,5%), астық өнімдерін тиеу (45%) арқылы көтерілді.

Биылғы мамыр-шілдеайларында екі миллион тоннадан астам көмір тасымалданды. Бұл өткен жылдыӊ сәйкес мерзімімен салыстырғанда 35 % жоғары көрсеткіш. Маусымда 850 мыӊ тонна көмір тасымалданса, ол өткен жылдыӊ сәйкес мерзімімен салыстырғанда 74% жоғары көрсеткішті құрады.

Жыл басынан бері 6,3 миллион тонна астық тиелді. Ол өткен жылмен салыстырғанда 45% жоғары көрсеткішті құрады. Оныӊ ішінде экспортқа - 4,7 млн. тонна жіберілсе, ол 2017 жылмен салыстырғанда 1,9 есеге жоғары болды. Қаӊтар шілде айларында 1,9 млн. тоннаұн тиелсе,оныӊ 1,4 млн. тоннасы экспортқа жіберілді. Импорт көлемі де 9,7 млн. тоннаға көтерілді. Теміржолдардыӊ шекаралық түйісу бекеттерінде Қырғызстанмен (75%), Өзбекстанмен (10%), Қытаймен (3%), және Болашақ теміржол станциясында (12%) өскендігі байқалды.

Экспорттық бағдардағы жүк тасымалдау көлемі 46,5 миллион тоннаға жеткізілді. Ол өткен жылдыӊ сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5% жоғары көрсеткішті құрады. Шекаралық бекеттерде - Қытаймен (60%), Өзбекстанмен (33%), Түркіменстанмен арада екі есеге өсті. Ақтау теӊіз порты арқылы жүк жөнелту көлемі 14% өсті.

Осы мерзімде Қазақстан аумағымен 2293 контейнерлік пойыз өткізілді. Олардыӊ 897-сі Қытай-Еуропа бағдарына жөнелтілді. Ол өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есеге жоғары көрсеткіш. Кері қарайғы бағдарға 641 пойыз өткізілсе, ол 1,7 есеге өсті. Негізгі бағдар Ченду-Достық -Лодзь бағдарында өскен.

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны