03.10.2006, 18:50 3540

Жыл басынан бері теңге 4,9% нығайды

АЛМАТЫ. 3-қазан. Kazakhstan Today. Жыл басынан бері теңге 4,9% нығайды.

Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР Ұлттық банкінен хабарлады.

2006 жылғы қыркүйекте теңге бағамының АҚШ долларына қатынасы бойынша әлсіреу үрдісі жалғасты.

Бір айда теңгенің АҚШ долларына қатысты нақты айырбас бағамы 1,52% (тамыздың аяғында 125,32 теңге/АҚШ долл. - 127,22 теңге/АҚШ долл. дейін) құнсызданды.

Қыркүйекте Қазақстанның қор биржасындағы биржалық операциялар көлемі қосымша сауда-саттықтарға арналған мәмілелерді ескере отырып, тамызбен салыстырғанда 8,5%-ға, 3505,3 млн. долларға дейін (жыл басынан бастап биржалық операциялар көлемі 20,9 млрд. долл. болды) ұлғайды.

Биржадан тыс валюта нарығында операциялар көлемі 45,6% төмендеді және оперативтік деректер бойынша 3333,9 млн. доллар (жыл басынан бастап - 41,5 млрд. долл.) болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны