25.09.2008, 18:46 3716

Жыл басынан бері туризм саласына жұмсалған инвестициялар көлемі 2,5 есе өсті

Жыл басынан бері туризм саласына жұмсалған инвестициялар көлемі 2,5 есе өсті

Астана. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Жыл басынан бері туризм саласына жұмсалған инвестициялар көлемі 2,5 есе өсті. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде туризм индустриясы комитетінің төрағасы Евгений Никитинский мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Есепті мерзімде туризм саласына жұмсалған инвестициялар көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,5 есе өсіп, 63 млрд теңгені құрады", -деді Е. Никитинский.

Оның айтуынша, "мемлекеттік бағдарлама аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру отандық туризмді дамытуға оң әсерін тигізді. Жалпы көрсетілген туристік қызметтер көлемі 2008 жылдың бірінші жартысында 2007 жылдың тиісті мерзіміндегі көрсеткіштерден 60,8% артып, 29,5 млрд теңге болды".

"Өңірлерде туристік индустрияның дамуын тежеп отырған бір фактор - жергілікті атқарушы билік тарапынан туристік саланың дамуына ел экономикасын әртараптандыру және шикізаттан басқа секторды басым дамыту тұрғысынн жеткілікті назар аудармауы болуда",- деді комитет төрағасы.

Атырау және Қызылорда облыстарында туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясындағы іс-шараларды қаржыландыруға жұмсалған қаражат көлемі 2,6 млн теңге, Қостанай облысында - 3,3 млн теңге, Солтүстік Қазақстан облысында - 4,1 млн теңге болса, тек Астанада 2008 жылы - 51,2 млн, Шығыс Қазақстан облысында - 29,2 млн, Алматы облысында - 19,3 млн теңге болды, деді Е. Никитинский.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны