10.06.2009, 14:34 1427

Жыл қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 9%-дан аспайды - ҚР Ұлттық банкі

Жыл қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 9%-дан аспайды - ҚР Ұлттық банкі

Алматы. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жыл қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 9%-дан аспайды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Макроэкономикалық ахуал сақталған жағдайда Ұлттық банк 2009 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 9%-дан аспайды деп күтеді", -делінген Ұлттық банктің баспасөз баянында.

"Өздеріңіз білесіздер, 4 ақпаннан кейін біз инфляциялық болжамды қайта қарап, оны 11% дейін көтердік. Дегенмен, девальвациядан кейін нарықтағы ахуал тұрақты болды. Қазір біз байқап отырғандай, 2009 жылғы инфляция 9% деңгейінде болады", -деді бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Данияр Акишев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны