08.09.2015, 16:34 4178

Жыл сайын министрлер мен ЖОО ректорлары халық алдында есеп береді

Заӊ жобасы жыл сайын тек әкімдер ғана емес, сондай-ақ, меморган жетекшілері, министрлер мен ЖОО ректорларына дейін халық алдында есеп тапсырғанын ұсынып отыр, деді ҚР Парламент Мәжілісініӊ депутаты Мәулен Ишімбаев "Жария ақпаратқа қол жеткізу туралы" заӊ жобасыныӊ таныстырылымы барысында

Астана. 8 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Заӊ жобасы жыл сайын тек әкімдер ғана емес, сондай-ақ, меморган жетекшілері, министрлер мен ЖОО ректорларына дейін халық алдында есеп тапсырғанын ұсынып отыр, деді ҚР Парламент Мәжілісініӊ депутаты Мәулен Ишімбаев "Жария ақпаратқа қол жеткізу туралы" заӊ жобасыныӊ таныстырылымы барысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Заӊ жобасы жыл сайын тек әкімдер ғана емес, сондай-ақ, меморган жетекшілері, министрлер мен ЖОО ректорларына дейін халық алдында есеп тапсырғанын ұсынып отыр. Заӊ бұл міндетті анық көрсеткен", - деді ол.

Депутат атап өткендей, заӊ жобасы БАҚ және ресми интернет-ресурстарында есептік кездесулерді өткізуден 15 күнтізбелік күн бұрын ақпаратты жариялауды қарастырып отыр, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Сондай-ақ, есептік кездесулерді өткізуде онлайн-көрсетілім ұйымдастырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны