23.07.2014, 19:33 3633

Жыл соңына дейін Алматы-Талдықорған автожолының 10 шақырымы тапсырылады - ККМ

Алматы-Талдықорған автожолының жалпы ұзақтығы 245 шақырым. Қазіргі уақытта жұмыстар жолдың өн бойында жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарына 9 мердігер аомпания тартылғанын атап өткен жөн. Жыл аяғына дейін 10 шақырым жолды пайдалануға беру жоспарлануда.

Алматы. 23 шілде. Kazakhstan today. Бүгінгі күнге бұл жолда көлемі 3,5 млн. куб метр топырақ жұмыстары орындалды, 10 шақырым бойында асфальт-бетоннан, 29 шақырым бойында цемент-бетоннан жамылғының төменгі қабаты төселді, - деп көлік және коммуникация министрлігі хабарлады.

Алматы-Талдықорған автожолының жалпы ұзақтығы 245 шақырым. Қазіргі уақытта жұмыстар жолдың өн бойында жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарына 9 мердігер аомпания тартылғанын атап өткен жөн. Жыл аяғына дейін 10 шақырым жолды пайдалануға беру жоспарлануда.

"Автожол бойындағы жұмыстармен ҚР көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пішембаев танысып өтті. Сапар барысында ол кеңес өткізді. Вице-министр мердігерлік ұйымдар басшыларына жұмыс қарқынын арттыру, сонымен бірге учаскенің өн бойында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді", - делінген хабарламада.

Қайта салу жұмыстары аяқталғаннан кейін 2016 жылы "Алматы-Талдықорған" жолы төрт жолақ етіліп кеңейтіледі де І техникалық категорияға жатқызылатын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны