08.08.2012, 14:01 3189

Жыл соңына дейін бизнес-инкубациялау бағдарламасы бойынша 5 жоба таңдалып алынады

"Өткен жылы техноллогиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасының шеңберінде таңдалған 5 жоба іске асырылуда. Оған сәйкес қаржы бөлінген. Осы жылы тағы 3 жобаны жүзеге асыруды қолға алдық", - деді Ө.Тәшімов.

Астана. 8-тамыз. Kazakhstan Today - 2012 жылдың соңына дейін Астананың индустриялық иновациялық дамуы шеңберінде технологиялық бизнес-инкубациялауға өтініштер қабылдау жалғасып, олардың арасынан жүзеге асыруға 5 жоба таңдалып алынатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы баспасөз-мәслихаты барысында "Астана Innovations" АҚ басқарушы директоры Өміржан Тәшімов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz ақпараттық агенттігі.

"Өткен жылы техноллогиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасының шеңберінде таңдалған 5 жоба іске асырылуда. Оған сәйкес қаржы бөлінген. Осы жылы тағы 3 жобаны жүзеге асыруды қолға алдық", - деді Ө.Тәшімов.

Оның айтуынша, 2011 жыл мен 2012 жылдың І жартыжылдығы ішінде бағдарламаға қатысуға 60 жоба бойынша өтініш келіп түскен. Сарапшылар кеңесі олардың ішінен 8 жобаны іріктеп алды.

"Аталған жобалар энергетика, төтенше жағдай, коммуналдық шаруашылыққа арналған, денсаулық сақтау саласында 3 жоба бар, сонымен қатар ауыл шаруашылығы және светодиодттық шамдар жасау саласында жобалар қарастырылған", - деп толықтырды ол.

Сонымен қатар, ол өтініш қабылдау жыл соңына дейін жалғасатынын ескертіп өтті.

"Біз жыл соңына дейін технологиялық бизнес-инкубациялау бойынша өтініштерді қабылдауды жалғастыратын боламыз. Олардың арасынан 5 жоба таңдалып, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылатын болады", - деді Тәшімов.

Жалпы жүзеге асырылып жатқан 8 жобаға 70 млн теңге бөлінген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны