15.07.2014, 23:09 2899

Жыл соңына дейін үй бағасының күрт құбылуы күтілмейді - сарапшы

Сарапшының айтуынша, Астана мен Алматыдағы жылжымайтын мүлік құны республикалық көрсеткіштен анағұрлым жоғары. "Болжам бойынша, қысқа мерзімде күрт құбылу болмайды. Астанадағы үй бағасы дәстүрлі өсімін сақтай бермек. Ұзақмерзімді уақытта "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасын іске асыру уақытында Астана мен Алматы қалаларындағы эконом сыныптағы үй бағасы арзандайды. Сонымен қатар бұл қаладағы бағаның көші-қонға да байланысты екенін ескергеніміз жөн", - дейді.

Алматы. 15 шілде. Kazakhstan today. "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ сарапшысы Арай Құтыбава Қазақстандағы үй бағасына болжам жасады.

"Соңғы жылдары бірінші және екінші нарықтағы тұрғын үйлердің өлшеммен және тұрақты түрде өсімі байқалуда. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл соңына дейін тұрғын үйдің шаршы метрінің құнының күрт өзгеруі күтілмейді. Үй бағасының өсімі жыл сайынғы әдетінен таймай, биыл да 10 пайыз қымбаттайды. Республика бойынша жыл соңына дейін үй бағасы күрт көтерілмейді. Біздің болжам бойынша шаршы метр үйдің бағасы 195-237 мың теңге аралығында құбылады", - дейді сарапшы.

Сарапшының айтуынша, Астана мен Алматыдағы жылжымайтын мүлік құны республикалық көрсеткіштен анағұрлым жоғары.

"Болжам бойынша, қысқа мерзімде күрт құбылу болмайды. Астанадағы үй бағасы дәстүрлі өсімін сақтай бермек. Ұзақмерзімді уақытта "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасын іске асыру уақытында Астана мен Алматы қалаларындағы эконом сыныптағы үй бағасы арзандайды. Сонымен қатар бұл қаладағы бағаның көші-қонға да байланысты екенін ескергеніміз жөн", - дейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны