31.07.2017, 19:35 8085

Жылумен жабдықтау саласы бойынша биыл Қызылорда облыстық бюджеттен 649,128 млн.теӊге бөлінді

Осылармен қатар келер жылға облыс орталығындағы жылу желілерін жаӊғырту және кеӊейтуге бағытталған 8 жобаныӊ сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін "Өӊірлерді дамыту-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыландыруға Қазақстан Республикасыныӊ инвестициялар және даму министрлігіне 4,2 млрд.теӊгеге бюджеттік өтінім ұсынылды.

Қызылорда. 31 шілде. Kazakhstan Today - Жылумен жабдықтау саласы бойынша биыл Қызылорда облыстық бюджеттен 649,128 млн.теӊге бөлінді. Оныӊ ішінде, жылу желілерін жаӊғыртуға арналған 9 жобаныӊ сметалық құжаттамаларына 87,416 млн.теӊге, "Қызылорда қаласы Сырдария өзенініӊ сол жақ жағалауын жылумен қамту" жобасыныӊ сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге 101,675 млн.теӊге бөлініп, жобалау жұмыстары жүргізілуде. Қызылорда қаласын жылумен жабдықтау жүйесініӊ құрылысын салу және қайта жаӊғырту үшін 115,787 млн.теӊгеге жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасыныӊ жарты жылдық есебіне сәйкес Арал, Қазалы және Жаӊақорған аудандарыныӊ әлеуметтік нысандарындағы 32 жылу қазандығын газға қайта жабдықтау жұмыстарына 168,779 млн. теӊге бөлінген.

Қызылорда қаласындағы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасыныӊ бу қазандығын қайта жаӊғырту, Қызылорда қаласы Талсуат елді-мекені оӊалту орталығыныӊ қазандығын газға ауыстыру, Қызылорда қаласындағы №3 қалалық емханасы ғимаратын газдандыру жұмыстарына 175,471 млн. теӊге қаралып, қазіргі таӊда құрылыс-монтаж жұмыстарын жасауға мемлекеттік сатып алу тәсілі арқылы конкурстық жұмыстар жүргізілуде.

Осылармен қатар келер жылға облыс орталығындағы жылу желілерін жаӊғырту және кеӊейтуге бағытталған 8 жобаныӊ сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін "Өӊірлерді дамыту-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыландыруға Қазақстан Республикасыныӊ инвестициялар және даму министрлігіне 4,2 млрд.теӊгеге бюджеттік өтінім ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны