28.05.2009, 17:02 3134

Жылжымайтын мүлік қоры беретін баспананы ай сайын жалға алу ақысы шамамен $500 - 700 құрайды

Жылжымайтын мүлік қоры беретін баспананы ай сайын жалға алу ақысы шамамен $500 - 700 құрайды

Астана. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Жылжымайтын мүлік қоры беретін баспананы ай сайын жалға алу ақысы шамамен $500 - 700 құрайды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Сіз әрбір төлеміңіз арқылы осы пәтердің иесі болуға жақындай түсесіз. Яғни, егер сіз 15 жыл бойы төлемді уақытылы төлеп келсеңіз, бұл пәтерді өз иелігіңізге сатып аласыз. Төлемдер шамамен ай сайын $500 - 700 құрайды", - деді Қ. Келімбетов.

Оның мәліметінше, қазір Алматыда 3 бөлмелі пәтерді жалға алу ақысы қала орталығында $2 - 3 мың болса, Астанада ол - $1,5 мың.

"Бұл - қор үшін ақталатын жоба. Жеке меншік және мемлекеттік осындай қорлар дүниежүзінде бар. Біз оны IPO-ға шығарып, стратегиялық инвесторға береміз, қандай жағдайда да Ұлттық қорға ақшаны біз қысқа мерзімде қайтарамыз", -деді "Самұрық - Қазына" басшысы.

Оның айтуынша, жалпы алғанда Ұлттық қордан құрылыс саласын қолдауға 240 млрд теңге бөлінді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Жылжымайтын мүлік қоры арқылы "Самұрық - Қазына" құрылыс компанияларынан пәтерлерді сатып алып, оларды халыққа жалға беруды жоспарлауда. Қор басшысының айтуынша, пәтерлердің бір шаршы метрі 96 мыңнан 120 мың теңгеге дейінгі бағамен сатып алынады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны