06.04.2009, 18:57 5033

Жылжымайтын мүлік қоры бітпей қалған үйлерді сатып алу шарттары бойынша құрылыс компанияларымен 16 келісім-шарт жасады

Жылжымайтын мүлік қоры бітпей қалған үйлерді сатып алу шарттары бойынша құрылыс компанияларымен 16 келісім-шарт жасады

Астана. 6 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - 2009 жылғы 6-сәуірде "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов пен Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов құрылысшылармен арадағы қарым-қатынас принциптерін анықтаған келісімдер жайы және құрылысы аяқталмай қалған нысандарды сатып алу механизмдері туралы журналистерді хабардар етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6-сәуір күнгі мәліметке сай, Жылжымайтын мүлік қоры бітпей қалған үйлерді сатып алу шарттары бойынша құрылыс компанияларымен 16 келісім-шарт жасады. Оның 10-ы Астана қаласында салынып жатқан нысандар, қалған 6-ы Алматы қаласында салынып жатқан нысандар бойынша;

Қол қойылған келісімге сәйкес, жылжымайтын мүлік қоры 2 848 пәтерді сатып алуы мүмкін.

Аталған нысандардың құрылысы аяқталған соң құрылысы аяқталған үйлерде 9 658 пәтер пайдалануға беріледі, соның ішінде 7 494 пәтер - Астанада, 2 164 пәтер Алматыда. 6 526 үлескердің мәселесі шешіледі; 230,8 мың шаршы метр үй айналымға түседі.

Бұл пәтерлер әрі қарай жалға берілетін үй бағдарламасы аясында пайдаланылмақ.

Астанада жыл басынан бері 5 үлесті құрылыс нысаны аяқталып, 1822 үлескердің мәселесі шешілді. Қазіргі таңда құрылысы бітпей қалған 123 үлесті құрылыс нысандарының 27-сі құрылыс компанияларының өз күшімен, ал қалған 96-сы мемлекеттік қолдау механизмі негізінде жүргізілуде.

Бүгінгі күнге пәтерлерді сатып алу бағдарламасы бойынша 6 тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып, оған 572 үлескер қоныстандырылды. Ал әкімдікке 693 пәтер берілді. Тағы 41 нысанды, соның аясында Астана әкімдігі сатып алған 5 635 пәтерді 2009 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл нысандардың құрылысына 5 489 үлескер қатысуда.

Мұнан өзге "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" екінші деңгейлі банктер арқылы несиелендірілген 17 нысанның 14-ін және "Жаңа құрылыс" ЖШС-не берілген барлық 10 тұрғын үй кешенін 2009 жылы пайдалануға ұсыну межеленіп отыр. Бұдан басқа, 2009 жылдың наурыз айының соңында республикалық бюджетті нақтылау кезінде, мәселесі қордаланған тағы 12 нысанға "Жаңа құрылыс" ЖШС күшімен салуға 15,2 млрд. теңге бөлінді.

Еске сала кетейік, "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" үкімет, Ұлттық банк, Қаржы ұйымдарын қадағалау агенттігінің экономика және қаржы нарығын тұрақтандырудың 2009-2010 жылдарға арналған жоспары аясында осы жылдың наурыз айында құрылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны