29.05.2009, 18:00 3246

"Жылжымайтын мүлік қоры" жалға берілетін баспананы басқару жүйесін заңмен реттемек ниетте

"Жылжымайтын мүлік қоры" жалға берілетін баспананы басқару жүйесін заңмен реттемек ниетте

Астана. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" -"Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ жалға берілетін баспананы басқару жүйесін заңмен реттемек ниетте. Бұл туралы бүгін "Жылжымайтын мүлік нарығын қолдау шараларының жүзеге асырылуы жөніндегі" баспасөз мәслихатында "Самұрық - Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ басқармаларының төрағасы Госман Амрин мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Жалға берілетін баспананы басқару жүйесіне өзгерістер енгізу жөнінде заңнамалық топтама дайындалуда. Бұдан былай жалға алу төлемдерінің деңгейі реттелетін болады деп күтілуде", - деді Г. Амрин.

Қор басшысының айтуынша, халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, жалға алу төлемдері жыл бойына өсе алатын белгілі бір заңнамалық дәліз бар.

"Сонымен бірге, алыпсатарлыққа жауап қатудың нақты шаралары жасалған. Жылжымайтын мүлік қоры беретін барлық баспана түпкілікті қожайындардың қолына беріледі, бұл баспананы сатып алғандарға арнаулы міндеттемелер жүктелетін болады", - деді Г. Амрин.

Оның айтуынша, жалға алушылар "баспананы белгілі бір уақыт ішінде сата алмайтын болады, яғни, баспана алыпсатарлық нысанына айналмайды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны