02.02.2010, 14:08 3441

Жылжымайтын мүлік нарығында дағдарыстан шыққан кезде қайтадан көпіршік түзілуіне жол бермеуге шаралар қолдану қажет

Жылжымайтын мүлік нарығында дағдарыстан шыққан кезде қайтадан көпіршік түзілуіне жол бермеуге шаралар қолдану қажет

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығында еліміз дағдарыстан шыққан кезде қайтадан көпіршік түзілуіне жол бермеуге шаралар қолдану қажет. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін ҚР Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Кейінгі 2,5 жылда атқарушы билік пен жергілікті атқарушы билік органдарының жұмыс уақытының ауқымды бөлігі елімізде оның алдындағы жылдарда құрылыс саласында түзілген көпіршіктің салдарынан туындаған проблемаларды шешуге жұмсалды", - деді Кәрім Мәсімов.

Премьердің болжауынша, "дағдарыс аяқталып, Қазақстанға қайтадан қаржы ағыла бастайтын кезде осы оқиға сол баяғыдай қайталанады-ау, банктер қайта құрылыс саласына несиені асыра беріп, баға тағы да шарықтап, проблема қайтадан алдан шығады-ау деген қатер бар".

"Осыдан және сол проблемалардан дұрыс тұжырым жасап, келешекте осындай үдерістің қайталануына жол бермеу қажет", - деді үкімет басшысы агенттік төрағасына қаратып айтқан сөзінде.

"Сіздің агенттік үшін өзекті мәселе - қаржылық реттеуіштермен және адал құрылыс компанияларымен бірлесе отырып осы мәселені шешу", - деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны