05.08.2008, 18:03 3175

Жылжымайтын мүлік салығын тек оның құны 50 - 70 млн теңгеден кем болмағанда ғана ұлғайту қажет - сарапшы

Жылжымайтын мүлік салығын тек оның құны 50 - 70 млн теңгеден кем болмағанда ғана ұлғайту қажет - сарапшы

Алматы. 5 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Жылжымайтын мүлік салығын тек оның нарықтық құны 50 - 70 млн теңгеден кем болмағанда ғана ұлғайту қажет. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан бағалаушылар қауымдастығының кеңесінің төрағасының орынбасары Александр Калинин мәлімдеді.

Үкіметтің құны 30 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүліктің салықтық мөлшерлемесін ұлғайту жөніндегі ұсынысын талқылай отырып, А. Калинин бұл орта деңгейдің қалтасына ауыр тиеді, деп мәлімдеді. "Мен бұл аралықты 50 немесе 70 млн теңгеге дейін ұлғайту керек деп есептеймін", - деді ол.

Сонымен қатар, бағалаушы үкіметтің мүлік салығы мен жер салығын жылжымайтын мүлік салығына бірлестіру туралы ұсынысын қолдайтынын білдірді. "Біз жер салығын екі мәрте төлейміз. Бірінші рет - жер үшін төлеген кезде, екінші рет - жерде тұрған жылжымайтын мүлік үшін төлеген кезде", - деді А. Калинин. Бұл ретте ол әлемдік тәжірибеде жылжымайтын мүлік ретінде жер және оның үстінде тұрған құрылыс танылатынынан хабардар етті. Оған салық та бір-ақ рет төленеді.

"Бұндағы мәселе Қазақстанда кадастрлардың әртүрлі болуы. Жер кадастрын Жер ресурстарын басқару агенттігі, ал жылжымайтын мүлік кадастрын Иділет министрлігі жүргізеді. Міне, ақыр соңында үкімет осындай шешімге келіп отыр. бұл кадастрларды біріктіру қажет", - деп атап көрсетті бағалаушы. Оның пайымдауынша, кадастрларды біріктіріп, Қаржы министрлігіне тапсыру керек.

Сонымен қатар, А. Калининнің айтуынша, әлемдік тәжірибеде салық салу кезінде жылжымайтын мүлік нарықтық құнымен есептелсе, ол Қазақстанда салық салу үшін нормативтік есептік құны бойынша бағаланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны