19.11.2015, 18:05 4094

ЖІӨ-ге қатысты республикалық бюджет тапшылығы 2015 жылы 3,0 % деӊгейінде сақталды

Республикалық бюджет тапшылығы 2015 жылы ЖІӨ-ге қатысты 3,0 % деӊгейінде сақталды.Бұл туралы бүгін Мәжілісте "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заӊына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасыныӊ таныстырылымы барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді

Астана. 19 қараша. Kazakhstan Today - Республикалық бюджет тапшылығы 2015 жылы ЖІӨ-ге қатысты 3,0 % деӊгейінде сақталды.Бұл туралы бүгін Мәжілісте "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заӊына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасыныӊ таныстырылымы барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Республикалық бюджет тапшылығы 1 257,7 млрд. теӊге мөлшерінде немесе ЖІӨ-ге қатысты 3,0 % деӊгейінде сақталды. 2015 жылға арналған республикалық бюджет шығыстары бекітілген мөлшерге қатысты 66,5 млрд. теӊгеге азайтыла отырып, 7 179,2 млрд. теӊге көлемінде болжанып отыр", - деді министр, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, 2015 жылы ЖІӨ 41 701,2 млрд теӊге көлеміне бағаланды, ол ақпан айындағы болжамнан 393,6 млрд теӊгеге жоғары.

Осы жылдыӊ қаӊтар-қазан айларында экономика өсімі бәсеӊдегеніне байланысты 2015 жылы ЖІӨ өсімі 1,5 пайыздан 1,2 пайызға дейін төмендеді.

ЖІӨ өсімініӊ төмендеуі бойынша өндірістегі өнеркәсіп 2014 жылы 1,8 пайызға төмендеді, оныӊ ішінде мұнай өндіру бойынша 79 млн теӊгені құраған болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны