09.01.2014, 20:13 2976

"ЖҚЖК-2020" бағдарламасы аясында ақмолалықтар миллиардқа жуық теңгенің шағын несиелеріне ие болды

Ақмола облысында 2013 жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында кәсіпкерлер 999,5 млн теңгенің шағын несиелеріне ие болды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 9 қаңтар. Kazakhstan today. Ақмола облысында 2013 жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында кәсіпкерлер 999,5 млн теңгенің шағын несиелеріне ие болды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Ақмола облысында бірнеше жыл қатарынан "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы сәтті жүзеге асуда. Оның жетекші бағыттарының бірі "Тірек ауылдарды дамыту және кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын ашу". 2013 жылы 453 ақмолалық 999,5 млн теңгенің несиесін иеленді. Кәсіпкерліктің негізіне 258 адам оқытылды", - делінген хабарламада.

Ең жоғары шағын несиеге ие болғандардың ішінен 5 аудан іріктелді: Қорғалжын, Сандықтау, Зеренді, Астрахан және Атбасар аудандары.

Айта кетерлігі, шағын несиелердің 86 пайызы жеке кәсіпті дамытуға бағытталса, бөлінген қаражаттың негізгі бөлігі мал шаруашылығына қарастырылған - 82,4%.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны