02.06.2008, 12:35 1878

Жолаушы тасымалдаушылар және вагон операторларының қауымдастығы жүк вагондарының тұрып қалуына қолданылатын шараларды қатайтуды көздеп отыр - Есенғарин

Жолаушы тасымалдаушылар және вагон операторларының қауымдастығы жүк вагондарының тұрып қалуына қолданылатын шараларды қатайтуды көздеп отыр - Есенғарин

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жолаушы тасымалдаушылар және вагон операторларының қауымдастығы жүк вагондарының тұрып қалуына жол берген тұлғаларға қолданылатын шараларды қатайтуды көздеп отыр. Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында Қазақстанның тасымалдаушылар және вагон операторлары қауымдастығының төрағасы, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Нығметжан Есенғарин мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз тұрып қалуды төмендеті үшін күрес бастауымыз қажет... Қазір жүк тасымалының жаңа ережелері дайындалған. Онда вагондарды кешіктіретін тұлғаларға қатысты қолданылатын санкциялар өте күшті. Жүкті қабылдаушылар қазірдің өзінде бұл дұрыс емес деп айта бастады. Алайда, мен бұған байланысты толығымен темір жолды қолдаймын", - деді Н. Есенғарин.

"Мен 1984-1985 жылдары Целиноград темір жолының бастығы болып тұрған кезімде неліктен Кеңестер Одағының Коммунистік партиясының Орталық комитетінің саяси бюросының мүшелері Лигачев пен Илиев жүк түсіру бойынша селектор өткізген? Өйткені, вагон бір жүк алушының жанында тұра бермей тұрақты жұмыс істеуі керек", - деп толықтырды ол.

"Қазіргі кезде жүк қабылдаушының вагондардың тұрып қалуы үшін төлейтін ақшасы кезінде оған қойма салмай-ақ, қажет болса, сенбі - жексенбі күндері жүк түсірмей-ақ, жылжымалы құрамды уақтылы түсірместен вагонды "жолдағы қоймаға" айналдыруы қолайлы болып тұр", - деп сөзін жалғады қауымдастық төрағасы.

"Жүк қабылдаушылар сенбі күні жұмыс істемейді, жексенбі күні жұмыс істемейді, түнде жұмыс істемейді. Уақытша сақтау қоймалары да осы уақыттарда жұмыс істемейді. Осылайша, қаншама жүк жөнелтуші күтіп отырған вагон қоймаға айналады", - деп түсіндірді ол. "Дегенмен, вагон "Сендердің шаруаларың қанша? Мен төледім емес пе?!" дейтіндей жеке тұтынушының заты емес. Вагон дегеніміз тұтыну тауарының өзіндік бір категориясы, қоғамдық игілік. Себебі, бұл вагонды бір күні біреу, екінші күні басқа біреу, ал келесі күні тағы бір адам пайдаланады", - деп сөзін жалғастырды Н. Есенғарин.

"Оның үстіне вагон қоймаға айналған кезде, біріншіден, жылжымалы құрамның жетіспеушілігін тартып отырған бүкіл экономика, екіншіден, тасымалдаушы зардап шегеді. Себебі, тасымалдаушы вагон бос тұрған кезге қарағанда жұмыс істеп тұрған кезде үш есе артық табыс табады", - деп сөзін қорытындылады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны