11.08.2022, 16:35 12481

ЖШС жеңілдетілген дизель отынын жоғары бағамен қайта сатқан

ЖШС 2,2 мың тонна дизельді заңсыз сатып 74,4 миллион теңге қосымша кіріс алған.
ЖШС жеңілдетілген дизель отынын жоғары бағамен қайта сатқан
АҚТӨБЕ. 11 ТАМЫЗ - Төмендетілген бағамен 12,5 мың тоннадан аса дизель отынын алған ЖШС 2,2 мың тонна дизельді заңсыз сатып 74,4 миллион теңге қосымша кіріс алған, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігі.
 

Жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оператордың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арзандатылған дизель отынын жеткізуге монополиялық жағдайын теріс пайдалану дерегін анықтады. Мәселен, 2020-2021 жылдары төмендетілген бағамен жалпы көлемі 12,5 мың тоннадан аса дизель отынын алған ЖШС ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне 10,3 мың тоннасын жеткізген. Ал қалған 2,2 мың тонна көлемінде дизель отынын ЖШС-ға тиесілі жанар-жағармай құю станциялары желісі арқылы сатып, 74,4 миллион теңге қосымша кіріс алған", - делінген хабарламада.

 
Дерек бойынша соталды тергеу басталды.
 

Мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, сатып алу, сату және сақтау фактілері анықталған жағдайда, агенттіктің сенім телефондарына және ҚМА аумақтық департаменттеріне хабарлауыңызды сұраймыз", - делінген ҚМА хабарламасында.

 
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны