16.04.2008, 18:21 3456

Жуырда мемлекет басшысына Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясының жаңа үлгісі таныстырылады - Индустрия министрлігі

Жуырда мемлекет басшысына Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясының жаңа үлгісі таныстырылады - Индустрия министрлігі

Астана. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Жуырда мемлекет басшысына Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясының жаңа үлгісі таныстырылады. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу барысында еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі мекеменің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жуырда Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясының жаңа үлгісі мемлекет басшысының бекітуіне беріледі, егер ол мақұлданған жағдайда индустрия және сауда министрлігі құжаттың екінші кезеңін жүзеге асыру шараларының жан-жақты жоспарын жасауға күш жұмылдырады", - деді В. Школьник.

Жалпы алғанда, министрдің айтуынша, бірінші кезеңде ( 2003 - 2005 жылдары) "әріқарайғы технологиялық дамудың жүйелік мәселелері шешіліп, заңнамалық және нормативтік-құқықтық база дайындалып, саланы дамытудың басты бағдарламалары жасалып, өндірістік факторды дамытудың жүйелі мәселелері шешімін тапты".

Сондай-ақ, жаңа институттық негіз қаланып, даму институттары, ИКК, холдингтер, Ғылым қоры құрылып, пилотты жобалар жүзеге асырыла бастап, қамтамасыз етуші инфрақұрылымның құрылысы басталды (кластерлер, технопарктер, АЭА, индустриялық аймақтар). "Бұның бәрі де өнеркәсіпті дамытудың нақты көрсеткіштерінде көрініс тапты", - деді министр.

"Егер бірінші кезеңде Жалпы ішкі өнімнің көлемінің жылдық орташа өсімі 7,5%, ал өңдеу өнеркәсібінде 8,6% құрайды деп болжанса, іс жүзінде бұл көрсеткіштер тиісінше 10,3% және 9,4% болды. Шағын және орта кәсіпорындар өндірген өнімнің көлемі 2002 жылғымен салыстырғанда 6 есе өсті", -деді ол.

В. Школьниктің атап көрсеткеніндей, "стратегияны жүзеге асырудың екінші кезеңінің шешуші бағыты басымдық берілген салаларда технологиялық өңдеуші өндірістерді құруға саяды".

"Сол арқылы Жалпы ішкі өнімнің, негізгі капиталға салынатын инвестиция мен экспорттың құрылымы өзгереді", - деді министр.

"Бұл жұмыстар жүйелі негізге түсті - экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды, мемлекеттік органдар, холдингтер мен бизнестің инвестициялық жобаларды іріктеу және оны ілгерілету саалсындағы ықпалдастығының жүйесі орнады", - деді министр.

Осы орайда ол "жобаларды жүзеге асыру мен оларға бастама көтеру бойынша басты роль іскерлік ортаға берілетінін" атап өтті. "Мемлекет өз кезегінде жалпы преференциялар берумен қатар, өндірісті дамытуға қолайлы жағдай жасауда белсенді роль атқаратын болады", - деді ол. "Бұл қамтамасыз етуші инфрақұрылымды құру, ИКК-ды қолдау, ұлттық инновациялық жүйенің элементтерін қалыптастыру, бизнес-ахуал мен инвестициялық саясатты жетілдіру, индустриялық дамуға бағытталған лайықты мемлекеттік реттеу арқылы көрініс табады", -деді министр.

Сонымен бірге, баспасөз баянында айтылғандай, "осындай жетістіктермен қатар индустриялық-инновациялық дамудағы бүгінгі күнге дейін шешілмеген проблемалар да бар". "Бұл ғылым мен өндірістің байланысының осалдығы, шетелдік нарыққа шығатын Қазақстандық өзгеше "брендтерді" қалыптастыру мәселелері", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны